Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 29-4 Шешімі. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарында 6-11-104 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 8-4 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 8-4 шешімімен

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1.Қоса берiлiп отырған Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
      1) «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихатының 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 22-5-1 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-31 болып тіркелген, 2006 жылғы 20 мамырдағы № 41 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) шешімі;
      2) «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қағидасын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 22-5-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №4-4 (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-58 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 9 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) шешімі;
      3) «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қағидасын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 22-5-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 12 тамыздағы № 25-4 (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-97 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 77 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Н. Ибраимов                                Б. Саудабаев
 

Шу аудандық мәслихатының
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 29-4 шешiмiмен бекiтiлген

Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен Шу ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкiлеттi органмен – «Шу ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен жүзеге асырылады.
      4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Отбасының шекті жол берілетін шығыстардың үлесi отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.
      5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      7. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.
      8. Тұрғын үй көмегiн алушы кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуден өткiзген жағдайда, есеп кондоминиум объектiсiнiң қатысушыларының тiркелген үлесiне сәйкес жүргiзiледi. Өтемақыны өтеу ағымдағы немесе күрделi жөндеудiң бiр түрi бойынша бiржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      10. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуаты нормалары (бiр айда):
      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 50 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 200 киловатт;
      3) газ нормалары (бiр айда):
      газ жылыту пешi бар болғанда (1 шаршы метрге) - 7,88 текше метр;
      газбен ас дайындау пешi бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) - 22 текше метр;
      сұйытылған газ бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) – 8,2 килограмм;
      4) қатты отын нормалары (жылыту мерзімінде) - 75,75 килограмм 1 шаршы метрге.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды ережелер

      13. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады