"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халықының пікірін ескере отырып, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәкен Сейфуллин бульвары "Ғарышкерлер" бульвары болып қайта аталсын.
2. Жезқазған қаласының кейбір көшелері:
1) Жастар көшесі Желтоқсан көшесі болып;
2) Некрасов көшесінің Қасым Аманжолов көшесі қиылысынан бастап Алашахан даңғылына дейінгі бөлігі Сәкен Сейфуллин көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі Б. Әбдіғалиұлы
Сессия төрағасы М. Асансеитов
Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Әбдіров