Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.02.24 N 28/217 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-26, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/390 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-66, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта "10236" саны "12110" санымен ауыстырылсын;
2) 2 тармақта "750" саны "900" санымен ауыстырылсын;
3) 4 тармақ келесі мазмұндағы 7 тармақшасымен толықтырылсын:
"7) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы Р. Қойбағарова
Қалалық мәслихат хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
05 наурыз 2008 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
05 наурыз 2008 жыл
Қаржы бөлімі бастығының
міндетін атқарушы Тлеулесова Ж.М.
12 наурыз 2008 жыл
Экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы Шлыкова З.С.
05 наурыз 2008 жыл