Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі N 12/02 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 8-4-181 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1114 Қаулысын орындау үшін, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қ.Қ. Адамова) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
      3. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі анықталсын:
      1) оқу орындарының түлектері;
      2) ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
      3) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
      4. Бір қатысушыға аударымдар мөлшері республикалық бюджеттен жиырма мың теңге және жұмыс берушінің салымы бір еселік ең төменгі жалақыдан төмен емес сомада бекітілсін.
      5. Бір қатысушыға аударымдар мөлшері жергілікті бюджеттен он бес мың теңге және жұмыс берушінің салымы бір еселік ең төменгі жалақыдан төмен емес сомада бекітілсін.
      6. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Қ. Томпиева) 2010 жылғы қалалық бюджетте және мақсатты республикалық трансферттерде қарастырылған қаражаттардан әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздарға еңбегі үшін төлемді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Балқаш қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Нысанғалиев

Балқаш қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 2 сәуірдегі
N 12/02 қаулысына
қосымша

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Жұмыс беруші "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуде төмендегі талаптар ескеріледі: жұмыс берушінің төлем қабілеттілігі, жалақыны уақытында төлеуі, жұмыс орнының техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес болуы, жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын сақтауы, Уәкілетті органмен жасалған шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс орнын ұсыну мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға Уәкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбек төлемдерінің мөлшері және шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс.
      4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орынына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады. Әлеуметтік жұмыс орынындағы жұмыссыздар жұмыспен алты айға дейін қамтылады.
      6. Жұмыс берушілер еңбек төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін ағымдағы айдың 20-на дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстар актісін ұсынады.
      7. Осы нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады