"Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 32/260 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 тамызда N 8-4-193 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-25 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/388 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-64 болып тіркелген, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған), қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/60 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-103 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 28 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 42 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 29/227 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-187 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда N 65-66 "Балқаш өңірі" газетінде, 2010 жылғы 28 мамырдағы N 60-61 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақта "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына" деген сөздерден кейін ", Совет Армиясының ерікті жалдамалы құрамаларының адамдарына, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 3 тармақтың бесінші абзацында "Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы" деген сөздерден кейін ", Совет Армиясының ерікті жалдамалы құрамаларының адамы, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азамат" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            А. Тунгишбаев

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Сторожко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      30.07.2010 ж.

      Қаржы бөлімінің бастығы Томпиева Ж.К.
      30.07.2010 ж.

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі бастығының
      міндетін атқарушы                          Кондубаева А.Б.
      30.07.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады