Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.01.2013 N 12/106 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін және базарларда сауда-саттық жасайтын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талондар бағасы бекітілсін (1, 2 қосымшалар).
2. Балқаш қаласы бойынша салық басқармасы (Мукеева Р.Т.) бір жолғы талондарды сатудан түсетін соманың толық алуына және де уақытында бюджетке аударуға бақылау жасасын.
3. "Қарағанды облысы бойынша бір жолғы талондарды беру бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Балқаштық бөлімшесі (Қарашолақов Д.Қ.) бір жолғы талондар салығын бекітілген бағамен алуды қамтамасыз етсін.
4. Қарастырылмаған жерлерде тауарларды сатуға тиым салу шараларын қолдану Балқаш қалалық ішкі істер бөліміне (Киякин Е.М.) тапсырылсын.
5. Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 29/280 "Балқаш қаласы бойынша бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1205 болып тіркелген, 2003 жылғы 20 маусымдағы N 48 "Балқаш өңірі" газетінде, 2003 жылғы 18 маусымдағы N 47 "Балхашский рабочий" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2003.04.23 N 29/280 шешімі РҚАО-ға түспеген.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы Р. Қойбағарова
Қалалық мәслихат хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
24.12.2010 ж.
Балқаш қаласы бойынша
Салық басқармасының бастығы Мукеева Р.Т.
24.12.2010 ж.
Қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
N 39/305 шешіміне
1 қосымша
Балқаш қаласы бойынша базарларда, сауда және мамандырылған түріне қарай, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, әрбір төлеушіден сауда-саттық жасағаны үшін салынатын бір жолғы талонның бағасы
Ескерту. 1 қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.08.22 N 49/376 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
N р/с |
Базар атауы |
Мамандандырылғандығы |
Сауда орының түрі |
Сауда орнының көлемі, ш.м. |
Бір шаршы метр сауда орны үшін талонның құны АЕК пайыз есебімен |
1. |
Жабық орталық азық - түлік базары |
Азық-түлік |
Сәкілер |
5,5 |
3,5 |
Азық-түлік |
Палатка |
12,5 |
2,8 |
||
Ашық алаңдағы орталық азық - түлік базары |
Азық-түлік |
Сәкілер |
5,9 |
2,8 |
|
Азық-түлік |
Палатка |
15,6 |
2,2 |
||
Азық-түлік |
Қолдан |
2,5 |
2,3 |
||
Азық-түлік |
Жеңіл машина |
16 |
2,3 |
||
Азық-түлік |
Жүк машина |
32 |
2,3 |
||
2. |
Орталық тауарлар базары |
Өндірістік |
Сәкілер |
6,4 |
2,3 |
Өндірістік |
Палатка |
15 |
2,2 |
||
Өндірістік |
Контейнер |
21,4 |
2,1 |
||
Өндірістік |
Қолдан |
2,8 |
2,2 |
||
3. |
Аулие-Ата |
Өндірістік |
Сәкілер |
6,1 |
2,5 |
4. |
Шығыс |
Азық-түлік |
Сәкілер |
4,6 |
2,0 |
Анықтама: Тағайындалған салық сомасы АЕК бойынша анықталған және талонның бағасы АЕК өзгеруімен өзгертіледі.
Қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
N 39/305 шешіміне
2 қосымша
Қызметі ара–тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны айлық есептік көрсеткішке пайыз есебімен
N р/с |
Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызметінің түрлері |
АЕК % есебімен |
1. |
Сату (жабық тұрақты орындардан жүргізілетін қызметтен басқа): |
|
1) газет және журналдар |
9 |
|
2) тұқым сатумен қатар отырғызылатын екпе дақылдары (көшеттер) |
13 |
|
3) бақша дақылдары |
26 |
|
4) үй жанында, саяжайда өсірілетін гүлдерді сату |
13 |
|
5) қосымша шаруашылықтарда, бау бақшаларда, саяжай учаскелерінде өсірілген өнімдерін сату |
5 |
|
6) жануарлар мен құстардың жемдері |
8 |
|
7) сыпыртқылар, сыпырғылар |
8 |
|
8) орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сату |
8 |
|
2. |
Жекеменшік тракторымен жер учаскесін өңдеу қызметі |
24 |
3. |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
9 |
Анықтама: Тағайындалған салық сомасы АЕК бойынша анықталған және талонның бағасы АЕК өзгеруімен өзгертіледі.