Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.01.2013 N 12/106 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 39/305 "Балқаш қаласы бойынша бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-217 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 10-11 "Балқаш өңірі" газетінде, 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 8 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында "Киоск (павильон)" деген сөздер "Палатка" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы,
қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
2011 жыл 22 тамыз
Балқаш қаласы
бойынша Салық
басқармасының
бастығы Ефанов А.И.
2011 жыл 22 тамыз