Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 4 сессиясының 2012.04.05 N 4/43 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданының елді мекендерін көріктендірудің ұсынылған Ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Абай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі 21 кезектен тыс сессиясының N 21/214 "Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2005 жылғы 15 тамызда N 8-9-4 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2005 жылғы 20 тамыздағы N 34(3577) санында жарияланған;
2) Абай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы 24 кезекті сессиясының "Абай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі 21 кезектен тыс сессиясының N 21/214 "Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 24/237 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2005 жылғы 31 қазанда N 8-9-6 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2005 жылғы 5 қарашадағы N 45 (3588) санында жарияланған.
3. Осы шешім оларды алғашқы ресми жариялағаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрайымы Г. Бахраева
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
Абай ауданының ішкі істер
басқармасының бастығы С. Айдаров
07.10.2010 ж.
Абай қаласы әкімінің
міндетін атқарушы М. Бимаганбетов
07.10.2010 ж.
Абай ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиялық
қадағалау басқармасының бастығы Г. Дауытпаева
07.10.2010 ж.
"Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Қысраунов
07.10.2010 ж.
Абай аудандық мәслихатының
2010 жылғы 7 қазандағы
27 кезектен тыс сессиясының
N 27/327 шешімімен бекітілген
Абай ауданының елді мекендерін көріктендіру ережелері
Абай ауданының елді мекендерін көріктендіру ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көріктендіру саласында орындауға міндетті бірыңғай нормалар мен талаптар орнатады, ауданның елді мекендерінің аумақтарындағы жер телімдерінің, ғимараттардың, құрылымдардың меншік иегерлері немесе пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшін ауданның елді мекендерінің аумақтарын жинау және сақтау тәртібін анықтайды.
Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережеcін бекіту туралы" N 555 бұйрығына сәйкес құрастырылған.
Аумақтардың көріктендіру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Абай қаласының, Абай ауданының ауыл аймақтары мен кенттердің әкімдеріне (одан әрі - бағдарлама әкімгерлері), кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылған көпқабатты тұрғын үйлердегі тұрғын бөлмелердің (пәтерлер) меншік иегерлерінің коммерциялық емес ұйымдарына, ғимараттар, құрылымдар, құрылыстар, жер телімдерінің меншік иелеріне және (немесе) пайдаланушыларға, жер пайдаланушыларға жүктеледі.
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ауданның елді мекендерінің аумақтарында бекіту объектілері:
белгіленген бөліктердің шекараларынан, көлік жолының шетімен шектелген қалалық, кенттік және ауылдық көшелердің жағындағы аумақ;
ішкікварталдық аумақтардың бөліктері;
аулаішілік аумақтар – кіші сәулеттік формаларды, балалар, киім, контейнерлік алаңдар, автокөлік тұрақтарын, қолөнерлік құрылымдарды, үйге кіреберістер, аулаға кіреберістерді (бір аулада бірнеше жер пайдаланушы болған жағдайда бекітілген аумақтардың шекаралары пайдаланатын аумақтардың шекараларына пропорционалды анықталады, немесе тараптардың келісімі бойынша);
уақытша сақтау немесе жинақтау мақсатында пайдаланатын аумақ;
белгіленген немесе қосалқы аумақ;
инженерлік желілердің қорғалатын өңірлерінің аумағы;
2) аумақтардың санитарлық тазалауы – қатты тұрмыстық қалдықтар мен ірікөлемді қоқыстарды жинау, шығарып тастау және кәдеге жарату (зарасыздандыру);
3) бекітілген аумақ – санитарлық тазалау мен жинау үшін арналған жер бөлігі. Аумақтарды белгілеу субъектілерімен келісім бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барысында бағдарлама әкімгерлерімен берілетін көріктендіру паспортында (1 қосымша) көрсетілген аумақтың көлемінен аспайтын, санитарлық тазалау мен жинауға арналған жер бөлігі;
4) бекітілген аумақтардың субъектілері – жеке және заңды тұлғалар болып табылады:
кондоминиум объектілер басқару мақсатында құрылған көппәтерлі тұрғын үйлердегі бөлмелердің (пәтерлердің) коммерциялық емес ұйымдары;
ғимараттар мен құрылымдарды пайдаланушылар және (немесе) меншік иелері;
жер телімдерін пайдаланушылар және (немесе) меншік иелері;
5) демалатын орындардың аумақтары – халықтың демалыс орындарын жабдықтау мен ұйымдастыру үшін арналған және өзіне парктер мен скверлерді, су қоймаларын, пляждар, ландшафтік сәулет объектілерін енгізетін қоғамдық пайдалану орындары, сонымен қатар, демалу мен сауықтыру мақсатындағы басқа да орындар;
6) жасыл көшеттер–жасанды және табиғи текті ағаш, ағаш-бұталы, шілікті және шөпті өсімдіктер;
7) жер телімін пайдаланушы және (немесе) меншік иесі–жер телімін ауданның елді мекендері шеңберінде пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлға;
8) ірікөлемді қоқыс (одан әрі – ІКҚ) – өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өзінің көлемі бойынша арнайы қоқыс жинаушы көліктермен тасымалдау мүмкіндігін жоққа шығаратын тұтыну және шаруашылық қызмет қалдықтары;
9) қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) – тұтынудың тұрмыстық қалдықтары, шикізат, материал, шала өнімдердің, өндіру немесе тұтыну процесінде пайда болған басқа да бұйымдар мен өнімдердің қалдықтары, сонымен қатар, өзінің пайдаланушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер), жапырақтар, бұталар мен сыпырғанда пайда болған қоқыстан басқа;
10) кіші сәулеттік формалар – қолөнерлік және практикалық пайдалану объектілері: сәулеттер, фонтандар, барельефтер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, беседкалар, урналар, балалардың ойын құрылымдары мен ересектердің демалуына арналған жабдықтар. Кіші сәулеттік формаларға сонымен қатар: қоғамдық кеңістіктердің, аулалардың және демалатын орындардың аумақтарында орналасқан әр-түрлі демалыс орындықтары, үстел ойындары мен жазғы кафелер алаңдарында орындықтар мен үстелдер жатады;
11) қоқыстың санкцияланбаған үйінділері - өз бетінше (санкциясыз) тастау (орналастыру) немесе жинастыру нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қоқыстарының жиналуы;
12) көріктендіру – ауданның елді мекендерінің қауіпсіздігін, қолайлығы мен көркемдік сипаттамасын қамтамасыз етуге бағытталған, жер бетін жабу құралдарын, көркемдік көгалдандыру мен суаруды, жартылай құрылымдарды, кіші сәулеттік формаларды, сыртқы жарықтандыруды, визуалды ақпаратты, жарнама мен басқа да құралдарды пайдаланумен қатар жүзеге асырылатын, берілген аумақ шеңберіндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметі. Осы қызмет аумақтарды жинастыруды ұйымдастыруды, пайдалануды, санитарлық ұстауды, көріктендірудің объектілері мен элементтерін жөндеу мен қорғауды қарастырады;
13) ҚТҚ мен ІКҚ кәдеге жарату (зарарсыздандыру) – адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияндық әсерінің алдын-алу мақсатында ҚТҚ мен ІКҚ арнайы құрылымдарда әр-түрлі технологиялық әдістермен өңдеу;
14) сұйық тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - СТҚ) – қоқыстар мен жуындылар;
15) сыртқы абаттандыру объектілері – кешендік абаттандыру бойынша қызметтер атқарылатын ауданның елді мекендерінің кез-келген аумақтары: алаңдар, аулалар, кварталдар, қызметтік-жоспарлы құрылымдар, аудандар мен шағынаудандардың аумақтары, жалпы қаланың өзі, ауданның кенттері және ауылдық аймақтары, сонымен қатар, бірыңғай қалақұрылыстық регламенттеу (қорғалатын өңірлер) немесе визуалды-кеңістіктік қабылдау ұстанымы бойынша бөлінетін аумақтар (қосымша құрылысы бар алаң, қосалқы аумағы мен құрылысы бар көше).
2. Жалпы талаптар
2. Барлық меншік түрлеріндегі заңды және жеке тұлғалар бекітілген және белгіленген аумақтар шекарасында тазалау жұмыстарын, қажетті жайластыруды, сонымен қатар, жеке қаражат есебінен, сәулеттік, санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес абаттандыру элементтері мен объектілерінің ұстау және жөндеуді жүргізеді.
3. Коммуникацияның барлық түрлеріне қызмет көрсетуші шаруашылық субъектілер дер кезінде сәйкес коммуникацияларын ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс, жөндеуден кейін бұзылған қабаттар мен элементтерді қайта қалпына келтіру қажет.
4. Мердігерлік ұйымдар жол қабаттарын, тротуар, көгалдар, абаттандыру элементтерін және сәулеттік құрылымдарды қирату жолымен, инженерлік коммуникацияларды өткізу, жөндеу және қайта жаңғыртумен байланысты жұмыстарды тек бағдарлама әкімгерлерімен берілетін жазбаша келісім (ордер) арқылы ғана жүргізе алады. Ордерге қираған қабаттарды абаттандыру мен қайта жаңғырту жағдайлары және мерзімдері туралы талаптар енгізіледі. Ордердің талаптарын орындамаған жағдайда ордердегі талаптарды сот арқылы қажет болған жағдайда келтірілген залалды өтеу арқылы мәжбүрлік орындау бойынша шаралар қолданылады.
5. Мердігерлер, асфальттік қабатты қиратумен байланысты жер жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қабатын бес тәулік ішінде қайта қалпына келтіру керек.
6. Жолды жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар қаланың автокөлік жолдарында орналасқан жарамсыздық жағдайға келген люктерді, канализациялық құдықтарды ауыстыру бойынша тиісті шаралар қолданады.
7. Аудан елді мекендерінің аумақтарында рұқсат етілмейді:
1) көшенің және (немесе) көлік құралдары жүретін бөліктің ластану мүмкіндігін болдырмайтын олардың жасырылуысыз кез-келген жүктердің көлік құралдары арқылы тасымалдау;
2) меншік иесінің және (немесе) объектіні пайдаланушының рұқсатысыз және (немесе) бұл мақсаттарға арналмаған жерлерде жарнамалар, плакаттар, үндеухаттар, әр-түрлі ақпараттық материалдар орналастыру, жазулар мен графикалық суреттер салу;
3) автокөлік жолдарының жүретін жеріне қоқыс, қозғалысқа кедергі келтіретін өнімдер тастау;
4) ғимарат, құрылымдар мен тұрғын үйлердің терезелерінен қоқыс лақтыру;
5) тыныштық пен тәртіпті бұзатын әрекеттер жасау, сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін, апаттық жағдайлардың алдын-алу бойынша немесе аумақтарды жинау бойынша жұмыстардан басқа;
6) аулалық, кварталішілік аумақтардың жасыл аймақтарына, балалар алаңдарына, жаяу жолаушылар жолына және тротуарларға қызметтік және меншік көліктерді кіргізу, тұрақтау;
7) орнытылмаған жерлерде, арнайы бөлінген және сәйкес белгілермен белгіленбеген жерлерден тыс жерде көлік құралдарының тұрағы, жуу және орналастыру;
8) кез-келген сала объектілерін орналастыру, сонымен қатар, көлік құралдарын көгалдарда, гүл бақтарда, балалар, киімдер және контейнерлік алаңдарда, ғимараттардың доғалары мен скверлерде орналастыру;
9) аула аумақтарының жүретін жерінде, арнайы автокөліктің қозғалысына кедергі келтіретін арқалықтар, блоктар мен басқа да қоршауларды көтеріп орнату, сонымен қатар, орналасқан орнына қарамастан, тұрақ үшін арнайы бөлінген жерлерден басқа, таратылған көлік құралдарын орналастыру.
8. Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері нәтижесінде пайда болатын өндірістік қалдықтарды жинау және уақытша сақтау осы кәсіпорындардың күшімен осы мақсаттар үшін жабдықталған орындарда жүргізіледі.
Қалдықтардың кәсіпорындардың аумақтарында арнайы бөлінген жерлерден тыс жерлерде жинақтау және оларды орналастыру шегінен асыруға рұқсат етілмейді.
Өсімдік және басқа топырақты уақытша жинақтау тек арнайы бөлінген бөліктерде ғана рұқсат етіледі.
9. Тұрғын аймақта рұқсат етілмейді:
1) көлік құралдарының үй арасымен қозғалу;
2) көлік құралдарының жолдан тыс жерде жүруі;
3) оқытушылық мақсатында жүру;
4) рұқсат етілген салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктерінің, арнайы бөлінген және белгілермен белгіленген орындардан тыс жерлерде орналасуы;
5) дауыстық дабыл беру, қатты әуен қосу;
6) жұмыс істейтін қозғалтқышы бар механикалық көлік құралдарының тұрағы.
Сонымен қатар осы тармақтың талаптары аулалық аумақтарға да қатысты.
3. Ауданның елді мекендерінің аумақтарын тазалау мен жинауды ұйымдастыру, жинауға қатысты негізгі талаптар мен түрлері
10. Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау жүйесі өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинауды, жоюды, зарарсыздандыруды және қайта өңдеуді қарастырады және арнайы ұйымдармен жүзеге асырылады.
11. Ауданның елді мекендерін ағымдағы санитарлық күтіп ұстау және тазалау залалсыздандыру орындары бар қоқыс шығаруға мамандандырылған кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады және келесі шараларды қамтамасыз етуді көздейді:
1) ауданның елді мекендерінің аумағында қоқыстарды, қалдықтарды жинау және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;
2) тұтыну қалдықтарын жинауға арналған контейнерлік алаңдарды ағымды, жоспарлы-үздіксіз тазарту, қалдықтарға арналған контейнерлер орнату, нормативтік талаптарға сәйкес қоғамдық пайдалану орындарында урналар орнату;
3) аудан елді мекендерінің аумақтарын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде – қарды жинау және шығару, көшелердің өтпе жолдарын және жаяу жүргіншілер тротуарларын тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыну қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, арналарды, науаларды, нөсерлік кәріздерді және су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;
4) санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтік шегінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау бойынша жұмыстарын.
12. Жаңадан құрылыс салынатын учаскелерде ғимаратты пайдалануға енгізетін кезде тазалау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
13. Ғимараттар мен құрылыстардың, жеке тұрғын құрылыстардың иелері және (немесе) пайдаланушылары тұрмыстық қалдықтарды шығаруға уақтылы шарт жасауға тиіс.
Кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерінің коммерциялық емес бірлестіктері тиіс:
1) қоқыс жинағыштар астына алаңшаларды жабдықтау;
2) азық-түліктік қалдықтарды, көшелік және аулалық қоқыстарды жинауға арналған құрал-саймандармен аула сыпырушыларды қамтамасыз етуі;
3) қоқыс қабылдаушы камераларды, алаңшаларды, сондай-ақ қалдық жинаушы орындарды жүйелі жуу, зарарсыздандыру және дезинсекциялауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы қажет.
14. Аумақтарды жинауды жүзеге асыратын арнайы ұйымдар тұрғын үй, ұйымдар мен кәсіпорындардың аумақтарынан қатты және сұйық қалдықтардың шығарылуын (келісімге сәйкес) уақытында қамтамасыз етуі қажет.
15. Аумақтарды жинау шекарасын анықтау осы Ережелердің негізінде жүзеге асырылады:
1) көше-жол желісі, алаңдар, қоғамдық орындар (қоғамдық демалу орындары, парктер, скверлер, бульварлар, аллеялар, тұндырғыштың соңғы пунктілері, иесіз бос жерлер) бойынша – мемлекеттік сатып алу мөлшерінде сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен;
2) кварталішілік және басқа аумақтар бойынша жинау шекаралары бағдарламалар әкімгерлерімен берілетін абаттандыру төлқұжаттарына сәйкес анықталады.
4. Аумақтарды күзгі-қысқы мезгілдегі жинау
16. Күзгі-қысқы жинау уақыты 15 қарашадан 15 наурызға дейін белгіленеді. Ауа-райының күрт өзгерген жағдайында (қар, аяз) күзгі-қысқы жинаудың басталу мен аяқталу мерзімдері бағдарламалардың әкімгерлерімен түзетіледі.
17. Жапырақтар түсу кезінде түскен жапырақтар дер кезінде жиналуы қажет. Жиналған жапырақтар абаттандыру бойынша кәсіпорындармен арнайы белгіленген жерлерге немесе жайластыру жерлеріне шығарылуы қажет.
Жапырақтарды тұрғын үй құрылыс жерлерінде, скверлерде, парктерде және ҚТҚ үшін контейнерлерде өртеуге болмайды.
Жапырақтар мен талдарды ағаштар мен бұталардың түбіне сыпырып тастау, сонымен қатар, оларды қоқыс жинаушы алаңдар мен қоқыс жинаушы контейнерлерде сақтауға болмайды.
18. Қысқы мезгілде жолдар, бақтағы орындықтар, урналар және кіші сәулеттік формалар, сонымен қатар, олардың алдындағы, жанындағы кеңістіктер қар мен мұздан тазартылуы қажет.
19. Парктердегі, бақтардағы, скверлердегі, бульвардағы, аллеялардағы жолдарды тазалау барысында химиялық реагенттері жоқ қарды осы мақсаттар үшін алдын-ала дайындалған алаңдарда жинау, жасыл көшеттерді сақтау және еру суларының ағысы қамтамасыз ету шартымен рұқсат етіледі.
20. Инженерлік желілердегі апаттар нәтижесінде пайда болған тротуарлар мен жолдардағы мұздар желілердің меншік иелерімен және (немесе) пайдаланушыларымен ойылып тазартылады.
21. Рұқсат етілмейді:
1) Магистральдар, көшелер, тротуарлар мен газондардың жүру бөлігіне кварталішілік жолдардан, аулалық, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдардың, сауда объектілерінің аумақтарынан тазартылатын қарларды шығару және жылжыту;
2) сұйық хлорлық калий мен ас тұзын тротуарларда, қалалық жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларының отырғызу алаңдарында, парктерде, скверлерде, аулалар мен жаяу жолаушылар жүретін және көгалдандырылған аумақтарда көктайғаққа қарсы реагент ретінде пайдалану;
3) ластанған және тұздалған қарды жылжыту, сонымен қатар, мұз ойындыларын көгалдарға, гүлзарларға роторлық лақтыру.
22. Метеорологиялық қызметтен жалпы көктайғақ басталу қаупі туралы дер кезінде ескерту алған жағдайда эстакадалардың, көпір құрылыстарының жүру бөлігін өңдеу жұмыстары жауын-шашынның басталуына дейін жүргізіледі.
23. Жол шетінде қар көшірінің пайда болған жағдайында қардың тротуарларға және көгадарға шығарылуы рұқсат етілмейді.
24. Аулаларға кіреберіс пен шығаберістер, квартал ішілік жолдар жолдың жүру бөлігінің шетінен механикалық сыпырып тасталғаннан кейін бірінші кезекте тазартылуы тиіс.
25. Қарды жолдар мен көшелерден тазарту екі кезеңде жүргізіледі:
1) қарды бірінші кезекті (таңдамалы) шығару жолаушылар тасымалдау көліктерінің аялдамасынан, жол бетіндегі жаяу жол өткеледерінен, көпірлер мен жолөткелдерден, халықтың қоғамдық жиналу орындарынан, емханалар мен әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерінен қар жауып болғаннан кейін 48 сағат ішінде жүзеге асырылады;
2) қарды соңғы (жалпы) шығару бірінші кезекті шығару аяқталғаннан кейін тапсырыс берушімен белгіленген кезектілікке сәйкес жүзеге асырылады.
Қар жинауға арналған орындар бағдарламалар әкімгерлерімен анықталады.
26. Қар тайғаннан кейін пайда болған қарды уақытша жинау орындары қоқыстан тазартылып абаттандырылуы қажет.
27. Тротуарлар, аулалық аумақтар мен жолдар қар мен мұздан асфальтқа дейін тазартылуы қажет. Мұз (көктайғақ) пайда болған жағдайда құм немесе қиыршықтаспен өңдеу жүргізіледі.
28. Аулалық аумақтар мен кварталішілік жолдардан шығарылған қарды автокөліктермен жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі жасамайтын аула аумақтарының орындарында жинау рұқсат етіледі.
29. Қар жинау кезінде жасыл көшеттерге зақым келтіруге тыйым салынады.
30. Қарды кварталішілік аумақтарда жинау еру суларының ағысын қарастыруы тиіс.
31. Қысқы уақытта ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың иегерлерімен және (немесе) пайдаланушыларымен шатырларды мұз бен қатқақтан дер кезінде тазарту ұйымдастырылуы қажет.
32. Ғимараттардың жолаушылар зоналарына қарасты жақтарының шатырлары қар жауып болғаннан кейін қауіпті аймақтарға қоршау орнатумен қатар шұғыл түрде тазалануы қажет.
33. Ғимараттардың шатырларын мұздақтар мен мұз жасақтауларынан, оларды тротуарларға тастаумен қатар, тазарту шатырдың көше жаққа қарайтын сырғанау бетінен тек тәуліктің жарық мезгілінде ғана рұқсат етіледі. Мұздақтар мен мұз жасақтауларын шатырдың басқа беттерінен және тегіс беттерінен лақтыру тек ауланың ішкі аумақтарына жүргізіледі. Мұз жасақтаушыларын лақтыру алдында жолаушылардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қорғаныс шараларын жүргізу қажет.
Ғимараттың (құрылыстар мен құрылымдардың) шатырларынан лақтырылған мұз жасақтаушылар мен мұздақтарды жедел түрде жиналып көшенің жүру жолын жинайтын кәсіпорынмен үшін одан әрі шығарып тастау үшін жүру жолының шетіне орналастырылады.
34. Қар, мұз және қоқысты суағарларға лақтыруға тыйым салынады.
5. Аумақтарды көктемгі-күзгі мезгілде жинау
35. Көктемгі-күзгі жинау мезгілі 15 сәуірден 15 қарашаға дейін белгіленеді. Ауа-райының күрт өзгеру жағдайында жазғы жинау маусымының өткізу мерзімдері өзгертілуі мүмкін.
36. Аула аумақтарын, аулаішілік жолдар мен тротуарларды сыпырынды, шаң мен ұсақ тұрмыстық қоқыстарды тазарту және тазалықты күні бойы ұстап тұру аумақтарға бекітілген субъектілерімен қамтамасыз етіледі.
37. Капиталдық емес объектілердің (автотұрақтар, бокстық гараждар, ангарлар, қоймалық қосалқы құрылыстар, құрылымдар, сауда және қазмет көрсету объектілері) иегерлері және (немесе) пайданушылары бекітілген аумақтарды жинау және санитарлық тазалауға шарт жасау қажет немесе оны өз еркімен күн сайын орындау қажет.
38. Жолдардың қиылысу жолағында жиектер сонымен қатар, көгал тәріздес жасалған көгал бойындағы ажырату жолағындағы жасыл қабаттың биіктігі 15 сантиметрден аспауы қажет. Жолақтарды әр-түрлі қоқыс пен қалдықтармен ластауға тыйым салынады.
6. Ғимараттар мен құрылымдардың сыртқы келбеттерін күту
39. Қаптаудың, сылақтың, фактуралық және сыр қабаттарының, сылақтағы сызаттардың жергілікті қирауын, қаптау жапсарларынан, кірпіш пен ұсақблокты қалаудан ерітінді бояуының сыртқа шығуы, толық жинақталған ғимараттардың түйіндерінің герметикалық жасалымдарының бұзылуы, қабырғалардың шығып тұрған бөліктеріндегі металл қабаттарының тозуы немесе зақымдануы, суағар құбырларының бұзылуы, сулы немесе тот дақтары, ағындылар, беттің жалпы ластануы, парапеттердің бұзылуы және басқа да тәріздес бұзылуларды олардың әрі қарай созылуына жол бермей ғимараттың және (немесе) құрылымның иегері және (немесе) пайдаланушы айқындау мөлшеріне қарай жою қажет.
40. Егер заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе жедел басқаруында, басқа пайдалануында тұрғын үйлерде немесе бос үйлерде жеке бөлмелері болған жағдайда, мұндай тұлғалар аталған ғимараттардың, пайдалану аудандарына пропорционалды, сыртқы келбеттерін жөндеуде үлесті қатысады.
41. Ғимараттардың сыртқы келбеттерін және олардың жеке элементтерін қайта өңдеу, жөндеу және жандандыру бойынша жұмыстар белгіленген тәртіп бойынша орындалу қажет. Сыртқы келбеттерінде орналасқан ақпараттық таяқшалар, естелік тақталар таза және түзу қалыпта ұсталуы қажет.
42. Кіреберістер, іргелер, әйнектер, маңдайшадағы жазулар, сыртқы жарнаманы орналастыру құралдары ғимарат және (немесе) құрылымдардың иегерлері және (немесе) пайдаланушыларымен таза және түзу қалыпта ұсталуы қажет.
43. Тыйым салынады:
1) ғимараттардың сыртқы келбеттерін және олардың құрылымдық элементтерін белгіленген тәртіпте берілген рұқсатсыз өз бетімен қайта жабдықтау;
2) балкондарды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауіп төндіретін үй тұрмыстық заттарымен (жиһаз және ыдыстар) толтыру;
3) сәулеттік бөлшектерді алдын-ала жандандырусыз ғимараттар мен құрылымдардың сыртқы келбеттерін сырлау өндірісі;
4) табиғи және жасанды таспен қапталған сыртқы келбеттерін сырлау өндірісі.
44. Қабырғаға бекітілген барлық болат элементтерді тұрақты сырланып, коррозиядан қорғалуы қажет. Қабырға және іргетас арқылы барлық суқұбырлары жүргізілген орындарда асңылауларға тыйым салынады. Коммуникациялар арқылы өту үшін арналған көпірлер ғимараттар және (немесе) құрылымдардың иегерлері және (немесе) пайдаланушыларымен тазалықта және түзу қалыпта ұсталуы қажет.
45. Қарамағында ғимараттар мен құрылымдар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылымдардың иегерлері және (немесе) пайдаланушылар белгіленген тәртіпте аталған объектілердің және олардың жеке элементтерінің (балкондар, лоджиялар, суағар құбырлар) сыртқы келбеттерін жөндеу, сырлау, жандандыру бойынша жұмыстардың дер кезіндегі өндірісін қамтамасыз ету қажет және сыртқы келбетте орналасқан ақпараттық таяқшалар мен естелік тақталарды таза және түзу қалыпта ұстау қажет.
46. Сыртқы келбеттері ауданның елді мекендерінің көшелеріне шығатын дүкендер мен кеңселердің әйнектері жарықтандырылуы немесе жарықпен безендірілуі қажет.
7. Тұрғын мақсаттағы аумақты көріктендіру
47. Тұрғын үй ғимаратына іргелес аумақ көріктендірілуге, көгалдандырылуға және жарықтандырылуға тиісті.
48. Ортақ пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтар көріктендіру және шағын сәулет түрлерімен: субұрқақтар және қауыздар, сатылар, пандустар, тірек қабырғаларымен, шатырлармен, шамдармен жабдықталуы қажет. Шамдардың саны аумақты жарықтандыру нормалары бойынша анықталуы қажет.
49. Тұрғын кварталдар, ықшамаудандар аумақтарында, сондай-ақ үй маңындағы аумақта келесі тәртіп сақтау қажет:
1) көпірше, тротуарлар, жаяужол, квартал ішілік өтпе жолдар мен жолдарды дұрыс қалпында ұстау;
2) аулаларда түрлі шаруашылық және қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар) өздігінен салуға және коммуникацияларды (антенналар, электр, телефон кабелдерін) өздігінен орнатуға жол бермеу;
3) үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;
4) баланстағы (шаруашылық жүргізудегі немесе жедел және (немесе) басқа басқарудағы) инженерлік желілерді дұрыс жағдайда ұстау, құдықтарды уақтылы қарау және тазалау;
5) шағын сәулет түрлерін, спортқа, ойынға, балаларға арналған алаңшаларының және шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарды дұрыс жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрін таза ұстау.
8. Аудан елді мекендерінің аумақтарын жарықтандыру
50. Аудан елді мекендерінің аумақтарын жарықтандыру пайдаланушы ұйымдармен ұсталып, сыртқы жарықтандыру қондырғыларымен (бұдан әрi - СЖҚ) қамтамасыз етiледi, оларға мыналар:
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желiлер;
2) электр желiлерiн қорғау және жерлендiру құрылғысы;
3) басқару құрылғылары;
4) кронштейндер, тростық аспа тiректерi жатады.
51. СЖҚ күтiп ұстау және қызмет көрсету келесi шараларды қамтиды:
1) шамдарды тазалау, жарық түсiру деңгейiн өлшеу, шамдарды ауыстыру және шамдардағы iстен шыққан шашыратқыштарды ауыстыруды қоса есептегенде, ондағы сандық және сапалық көрсеткiштер берiлген параметрге сәйкес келуiмен СЖҚ техникалық дұрыс жағдайда ұстау;
2) СЖҚ жұмысының регламенттелген тәртiбiн қамтамасыз ету, кесте бойынша уақтылы қосу және сөндiрудi бақылау, жанбайтын шамдарды, ақауларды анықтау, оларды жедел жою.
52. Металл тiректер, кронштейндер және СЖҚ элементтерi жабу жағдайына қарай боялады.
53. Жарықтандыру тiректерiнде, инженерлiк желiлерде олардың иелерiмен және (немесе) пайдаланушыларымен келiсiмсiз жарнамалық қалқандар орнатуға жол берiлмейдi.
54. Кесте бойынша көшелердiң, жолдардың, алаңдардың жаяужол бөлiктерiнiң, жағалаулардың және жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемiнiң азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi - таңертең 10 люкске дейiн берiледi.
55. Көшелердегi жанбайтын шамдар 10 % аспауы қажет, алайда iстен шыққан шамдардың бiрiнен кейiн бiрi қатар орналасуына жол берiлмейдi.
56. Металл бағаналар, кронштейндер мен сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиiстi қызметтер оны анықтағаннан кейiн 24 сағаттың iшiнде ауыстыруы тиiс.
57. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам (ДСШ), металлдық сынаптық йодидтары бар доқалы шам (МСЙДШ), доқалы натрийлi (ДНАТ), люминесценттi шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрi қайта өңделуi үшiн арнайы кәсiпорындарға жеткiзiлуi қажет. Аталған шамдар түрлерiн ҚТҚ полигонға шығаруға жол берiлмейдi.
58. Жарық және электрлi көлiктердiң байланыс желiлерiнiң құлаған бағаналарын негiзгi магистральдарда кешiктiрiлмей бағана иесi және (немесе) пайдаланушы шығарады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бұзылған бағаналар – 12 сағат iшiнде шығарылады.
9. Ортақ пайдаланудағы, демалу мақсатындағы аумақтарды көрiктендiру
59. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, соның iшiнде оларда орналасқан тротуарлар, жаяужол аймақтары, сатылық құрылымдарды қамтитын ортақ пайдалану аумақтарын тазалауды осы объектiлер қызмет көрсетуде және пайдалануда тұрған ұйымдар мен бекiтiлген аумақ субъектiлерi жүзеге асырады.
60. Ландшафт - демалу аумақтарының шегiндегi алаңшалардың, жол-соқпақ жүйелерiнiң жабыны тақташалардан, ұсақ тастан және басқа да берiк минералды материалдардан, сирек жағдайларда асфальт жабынын қолдануға жол бере отырып, қолданылуы қажет.
61. Тоғандар мен басқа да су қоймаларының жағажай жолақтары абаттандырылуы қажет. Су қоймаларының сыртқы сулармен ластануына жол бермейтiн шараларды қарастыру қажет.
62. Алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, демалыс аймақтарында, халық көп баратын жерлерде, көшелерде, тұрғын үйлердiң әрбiр кiреберiсiнiң алдында, әкiмшiлiк, қызметтiк ғимараттар, сауда объектiлерiне кiреберiсте, қоғамдық көлiк күту аялдамаларында қоқыс салатын жәшiктер орналасуы қажет.
63. Көшелер, алаңдар, жағажайлар, саябақтар, скверлер мен аулаларды ластауға жол берiлмейдi.
64. Ауыз су iшетiн субұрқақтар үлгiлiк немесе арнайы әзiрленген жоба бойынша дайындалған болуы мүмкiн, олар демалу аймақтарында орналастырылады, сонымен бiрге спорттық алаңшаларда орналастыру ұсынылады. Ауыз су iшетiн субұрқақ орналасқан орын және оған кiреберiс жер жабынның қатты түрiмен жабдықталуы қажет, биiктiгi ересек адамдар үшiн 90 сантиметрден аспауы, балалар үшiн 70 сантиметрден аспауы қажет. Ауыз су iшетiн субұрқақтардың кем дегенде бiреуi демалыс аймақтарында мүгедектер үшiн қол жетiмдi болуы қажет.
65. Адамдардың суға түсуiне арналған орындарда кiр жууға және жануарларды жуындыруға жол берiлмейдi.
66. Саябақтардың қоқыс жинағыштарды орнату үшiн арналған учаскелерi бар шаруашылық аймағы демалушылардың көп жиналатын орындардан (билеу алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондары) 50 метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы қажет.
67. Қоқыс салатын жәшiктердiң санын саябақтың 800 м2 ау данына бiр жәшiк есебiнен анықтау қажет. Басты аллеяларда қоқыс салатын жәшiктердiң арақашықтығы 40 метрден аспауы қажет. Әрбiр дүкеншенiң, дүңгiршектiң алдында қоқыс салатын жәшiк орнату қажет. Қалалық транспорттың тоқтау орындарында қоқыс салатын жәшiктерді орнату міндетті. Қоқыс салатын жәшiктердің тазалануын өткізу қажеттілігі бойынша өткізіледі.
68. Демалушылар көп жиналатын орындардан алыс орналасқан жерлерде қалдықтарды жинау ыңғайлылығы үшiн қалдықтар мен қоқысты уақытша сақтауға арналған аралық жинағыштар орнатылуы керек.
69. Шаруашылық алаңшалары үшiн контейнерлер саны 3 күндiк қалдықтардың орташа жиынтығы есебiнен анықталуы қажет.
70. Негізгі тазалауды саябақтардың жабылғанынан кейін таңертеңгi 8 сағатқа дейiн өткізу қажет. Күндiз қалдықтарды және түсіп қалған жапырақтарды жинау, ағымдағы тазалауды жүргiзу, жасыл көшеттерді суару қажет.
71. Аудан елді мекендерінің аумағындағы бұлақтар су сапасының талаптарына сәйкес болса және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының оң қорытындысы болған жағдайда, кiреберiс және қатты жабыны бар алаңшамен, бұлақ суын алуға арналған құралмен (науа, құбыр, су ағатын құралдың басқа түрi), су жинайтын тостаған, су бұру жүйесiмен жабдықталуы қажет. Табиғи кешеннiң ерекше қорғалатын аумақтарында бұлақты жабдықтау үшiн жоғарыда көрсетiлген қорытындыдан басқа, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдардың келiсiмi қажет.
72. Декоративтiк су қоймалары бедер қолданумен немесе тегiс жазықтықта көгалмен, тақташа жабынмен, гүлзарлармен, ағаш-бұта көшеттерiмен қоса орналастырылады. Су қоймасының түбiн тазалау үшiн ыңғайлы болатындай жазық жасау қажет. Түс және жарықпен ресiмдеу әдiстерiн қолдану ұсынылады.
10. Ауданның елді мекендерін көркем және жарнамалық безендiру, шағын сәулет түрлерi
73. Жарық жарнама қала кеңiстiгiнде жаяу жүргiншiлер мен автокөлiк жүргiзушiлерiн бағдарлауға көмек көрсетуi және жарық құрылымдық мiндеттердi шешуге қатысуы қажет. Осындай ақпаратты орналастыру, көлемi, түрi және жарық түстiк параметрлерi есептiк қашықтықтан анық көрiнуi және нақты түстiк ансамбльге үйлесiмдi сәйкес келуi, жол қозғалысы ережелерiне қайшы келмеуi, халықтың мекендеу қолайлылығына кедергi келтiрмеуi қажет.
74. Сыртқы жарнама және ақпарат құралдары таза болуы және белгiленген тәртiпте орналасуы қажет.
75. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң өндiрiсiне және ресiмдеуге пайдаланылатын материалдар сапа, қауiпсiздiк және экологияның, iзгiлiк және моральдiң заманауи талаптарына сәйкес келуi және аймақтың табиғи-климаттық жағдайларына, экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауiпсiздiк нормаларына сәйкес болуы қажет.
76. Жеке тұрған сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн монтаждау (демонтаждау) кезiнде құрылымның iргетасы жер деңгейiнде немесе одан төмен деңгейде орналастырылуы қажет. Жақын маңдағы аумақ монтаждаудан (демонтаждау) кейiн абаттандырылуы қажет.
77. Сыртқы (көрнекi) жарнама және ақпарат объектiлерiнiң құрылымы тәулiктiң қараңғы уақытында жарық көзiмен жарнамалық-ақпараттық алаңның жарықтандыруын қарастыруы қажет. Жарықтандыру техникалық жағынан қиындық келтiретiн немесе бастапқыда сәулет жобасымен қарастырылмаған сыртқы (көрнекi) жарнама және ақпарат құралдарын (керме-транспаранттар, жалау құрылымдары, маркиза, қызмет көрсетуге арналған жол белгiлерi және жарық шағылысатын жабыны бар бағыттық бағдарлау белгiлерi, жеке тұрған үлкен емес ғимараттар мен құрылыстарда және тұрғын ғимараттардың тұрғын емес нысандарында орналастырылған ақпарат) қоспағанда.
78. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң инженерлiк - техникалық шешiмi объект бекiтiлетiн ғимараттар мен құрылыстар элементтерiнiң тiрек мүмкiндiгiн есепке алуы, соның нәтижесiнде олардың пайдаланушылық сапасының жоғалуына жол бермеуi қажет.
79. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн күтiп ұстау, соның iшiнде оған жанасатын аумақты бес метр радиуста тазалауды сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң иелерi жүзеге асыруы қажет.
80. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң құрамдас бөлiктерi – iргетасы, "тұғыры" тиесiлi эстетикалық түрде болуы қажет. Iргетасы сырлануы (боялуы) қажет, бетон негiзi түскен жағдайда "қалпына келтiрiлуi" қажет. "Тұғыр" таза, боялған және қағаз жарнамалық тасымалдаушылардан тазартылған болуы қажет.
81. Тұрақты сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн бiр немесе одан да көп жақтарында ақпараттық хабарлама (жарнама) болмай пайдалануға жол берiлмейдi.
82. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiндегi түсi кеткен, жыртылған ақпараттық тасымалдаушылар, сондай-ақ тақырыбы ескiрген, соның iшiнде әлеуметтiк сипаттағы ақпараттық тасымалдаушыларды ауыстыру қажет. Көрсетiлген iс-шаралар сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң иесi есебiнен жүзеге асырылады.
83. Жарық жарнамаларды және маңдайшаларды пайдаланатын кәсiпорындар оларды күн сайын қараңғы түскен кезде қосуы және жанып кеткен газ жарық түтiктердi және электр шамдарын уақтылы ауыстырулары қажет.
84. Жарық жарнамалардың немесе маңдайшалардың жеке белгiлерiнiң жарамсыз жағдайында жарнаманы немесе маңдайшаны сөндiру қажет.
85. Жарнамалық құрылымдарды монтаждаудан (демонтаждау) кейiн жарнама таратушы аумақты немесе орналастыру объектiлерiн 7 күннен аспайтын мерзiмде көрiктендiрудi қалпына келтiру қажет.
86. Жол берiлмейдi:
1) көгалдарға автокөлiктi қойып жарнамалық құрылымдардан бейнелердi (плакаттарды) ауыстыруға;
2) жеке меншiк иесiнiң және (немесе) балансұстаушының келiсiмiсiз әртүрлi жарнамаларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, қоршауларға, қалалық жолаушылар көлiктерi аялдамаларына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және орнатуға.
87. Бөлiнген белдеу шекарасында орналастырылатын көрнекi жарнама, басқа да ақпараттық белгiлер және көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуы және орналастырылуы қажет.
88. Тұрғын құрылыс аумақтары, қоғамдық аймақтар, скверлер, көшелер, бақтар, демалыс алаңшалары шағын сәулет нысандарымен – шатыр, көлеңкелi бастырма, гүлзарлар, сәкiлер, қоқыс салатын жәшiктер, субұрқақтар, балалар ойынына, ересектердiң демалысына арналған құрылғылар, газет стендтерi, қоршаулар, телефон будкалары (бастырмалар), автокөлiктi күту павильондарымен жабдықталады.
89. Қоршаулар, дуалдар салу және орнату эстетикалық талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асыруға болады.
90. Шағын сәулет түрлерi тұрақты және мобильдi болуы мүмкiн, олардың саны және орналасуы аумақтарды көрiктендiру паспорттарымен белгiленедi.
91. Жаңа құрылыс кезiнде құрылыс салынатын учаске шегiнде шағын сәулет түрлерiн жобалау, әзiрлеу және орнатуды тапсырыс берушi бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
92. Шағын сәулет түрлерiнiң сындарлы шешiмдерi олардың тұрақтылығын, пайдалану қауiпсiздiгiн қамсыздандыруы тиiс.
93. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет түрлерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары өз есебiнен оларды ауыстыру, жөндеу және бояуға тиiс.
94. Қала аумағында шағын сәулет түрлерiн орнату және күтiп ұстау келесi талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) сыртқы көрiктендiрудiң барлық элементтерi, соның iшiнде ғимараттардың қасбетiн өңдеу бекiтiлген жобаға және өрт қауiпсiздiгi нормаларына сәйкес орындалуы қажет;
2) құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары келiсiмсiз көше, алаң, жағажай және қоғамдық орындарға қарайтын ғимараттардың қасбеттерiн мерекелiк безендiруге құқылы.
95. Мобильдiк және тiкелей көгалдандырумен безендiру үшiн құрылғылардың келесi түрлерi: трельяж, шпалерлер, перголалар, гүлзарлар, құмыралар қолданылады.
1) трельяж және шпалер – шырмауық немесе тiк өсетiн өсiмдiктердi көгалдандыру үшiн торкөз түрiндегi жеңiл ағаш немесе металл құрылымдар, жайлы демалыс бұрыштарын, күннен қорғаныш, алаңшаларды, техникалық құрылғылар мен құрылыстарды қоршау үшiн пайдаланылуы мүмкiн;
2) пергола – шатыр, галерея немесе бастырма үлгiсiндегi ағаштан немесе металдан жасалған жеңiл торлы құрылым, "жасыл тоннель", алаңшалар немесе сәулет объектiлерi арасында өткел ретiнде пайдаланылады;
3) гүлзарлар, құмыралар – гүл отырғызылатын топырағы бар шағын сыйымдылықтар.
96. Орындықтарды iргетастың немесе жабынның қатты түрлерiне орнату көзделуге тиiс. Демалыс аймақтарында, орман-саябақтарда, балаларға арналған алаңшаларда орындықтарды жабынның "жұмсақ" түрiне орнатуға болады. Iргетасы болған кезде оның бөлiктерi жер бетiне шығып тұрмауы қажет. Ересек адамның демалуы үшiн орындықтың биiктiгi жабын деңгейiнен отыру жазықтығының деңгейiне дейiн 420-480 миллиметр шамасында болуы қажет. Демалу үшiн орындықтардың үстiн түрлi суға төзiмдi өңдеумен (лайықтысы – сiңiре өңдеу) ағаштан жасау ұсынылады.
97. Қоғамдық, тұрғын, демалыс мақсаттарындағы аумақтарда таксофондар орнату кезiнде оларды электр жарығымен жарықтандыруды қарастыру қажет. Таксофондарды орналастыру орындарын телефон кәрiзi арнасы (құбыр) және электр жарығымен жарықтандыру арнасы (құбыр) құрылғыларының қосылу орнына неғұрлым жақын жерге жобалау керек.
Сонымен қоса, таксофондардың бiреуiнен кем емес мөлшерде (немесе әр қатардағы бiреуi) тиын қабылдағыш тесiгiнiң деңгейi жабын деңгейiнен 1,3 метр биiктiкте орналастыру қажет. Пошта жәшiгiнiң қабылдау тесiгiнiң деңгейi жабын деңгейiнен 1,3 метр биiктiкте орналастыру ұсынылады.
11. Базарлардың аумағын күтiп ұстауға қойылатын талаптар
98. Базарды ұйымдастыру кезiнде мiндеттi түрде өртке қарсы ережелер, сәулет, құрылыс, ветеринариялық, экологиялық және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да талаптар сақталуы қажет, базарлар аумақтары асфальттық жабынмен өнделуi керек.
99. Базар аумағында орналасқан құрылыстар қауiпсiздiк, ветеринариялық, санитарлық, өртке қарсы ережелер және сәйкес профильдегi (үлгiдегi) объектiлер үшiн белгiленген талаптарға сәйкес болуы қажет.
100. Базар аумағында құрылыстар мен жабдықтарды орналастыру тұтынушылардың сауда орындарына еркiн қол жетiмдiлiгiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтау және апатты немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл көшiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi қажет.
101. Базардың санитарлық жағдайы санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерi бекiткен талаптарға сәйкес келуi тиiс.
102. Базар аумағында көрiнетiн жерлерге барлық қажеттi объектiлердi көрсете отырып, "Базар жоспары" орналастырылады: сауда қатарлары, анықтамалық бюро, зертханалар, сантораптар, бақылау таразылары, тәртiп сақтау органдарының бөлмесi.
103. Базардың аумағы сауда қатарларына нақты азық-түлiк орындарына, бақылау таразыларына, автобус аялдамаларына, шығу есiктерiне бағыттайтын көрсеткiштермен жабдықталады.
104. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң саудасы санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерi рұқсат еткен материалдардан дайындалған ыдыста, тауарлық жанасу принциптерiн сақтай отырып, өнiмдердi жермен тiкелей жанасудан сақтау жолымен жүзеге асырылады.
105. Базарларда ветеринарлық - санитарлық сараптама өткiзу мiндеттi болып саналады. Жануарлар өнiмдерiн және шикiзаттарын ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткiзбей сатуға жол берiлмейдi.
12. Қалдықтар мен қоқыстарды жинау, сақтау, шығару және өңдеу
106. Жоспарлық - жүйелi тазалау қалдықтарды жоюды жүзеге асыратын ұйым арасындағы келiсiм-кестелер бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
107. Қалдықтарды полигонға шығарған кезде автомашинаның әр рейсi полигон әкiмшiлiгiнiң жол парағында белгiленуi қажет.
108. Қалдықтарды шығару 7 сағаттан ерте емес және 23 сағаттан кеш емес уақытта жүзеге асырылуы тиiс.
109. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды зиянсыздандыру қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiн арнайы құрылыстарда (қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон, ассенизация алаңдары, жер жырту алаңдары, мал қорымдары, кәрiз құрылымдарының жүйесi) жүргiзiлуi қажет.
110. Қалдықтарды осы мақсаттарға арналмаған басқа аумақтарға шығаруға, сонымен қоса ауыл шаруашылық даласында көмуге жол берiлмейдi.
111. Үй иелiктерi, ұйымдар, мәдени - көпшiлiк мекемелердiң аумақтарында, демалыс аймақтарында көлiк өтуi үшiн өтпе жолдары бар қоқыс және қалдық жинауға арналған контейнерлер орнататын арнайы алаңшалар бөлiнуi қажет. Алаңшаның су өтпейтiн жабыны және үш жағынан бұталардан құралған тұтас қоршауы болуы қажет.
112. Контейнерлердi орнатуға арналған алаңшалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, барлық түрдегi ұйымдардан, спорт алаңшаларынан және халықтың демалу орындарынан 25 метрден кем емес және 100 метрден артық емес қашықтықта орналасуы қажет. Алаңшалардың көлемi 5 контейнерден кем емес контейнер қоюға арналуы қажет. Контейнерлерден алаңшаның шетiне дейiнгi арақашықтығы 1 метрден кем болмауы қажет.
113. Аула дәретханаларынан, контейнер алаңшаларынан, бекiтiлген арақашықтықты сақтау мүмкiн болмайтын құрылысы салынған аудандарда осы ара қашықтықты өкiлеттi орган сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-пайдалану ұйымы қызметкерлерiнiң, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң аумақтық органы маманының қатысуларымен комиссия белгiлейдi.
114. Орнатылатын қоқыс жинағыштар (контейнерлер) санын анықтау үшiн қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халық саны, қалдықтардың жиналу нормалары, оларды сақтау мерзiмдерiн есепке ала отырып анықталуы қажет. Қоқыс жинағыштардың есептiк көлемi ең көп жиналатын кезеңдегi қалдықтардың нақты жиналу көлемiне сәйкес келуi қажет.
115. Қоқыс жинағыштарда (контейнерлерде) жылдың суық мезгiлiнде қалдықтарды сақтау мерзiмi (0 және Цельсия бойынша төмен градус температурада) үш тәулiктен артық болмауы, жылы кезеңде (плюс температурада) тәулiктен артық емес мерзiмде шығарылуы қажет. Жеке құрылыс аудандарда ҚТҚ жоспарлық-кестелік тазалануы аптасына екі реттен кем емес өткізілуі тиіс.
116. ҚТҚ жинау үшiн жақсы жабдықталған тұрғын үй қорында стандартты контейнерлер (0,75 м3), жеке үй иелiктерiнде қақпақтары бар түрлi сыйымдылықтағы құрылымдар (ағаш, металл және пластикалық) қолдану қажет.
117. Жаз уақытында металл контейнерлер арнайы орындарда 10 күнде бiр реттен жиi емес (ауысымсыз жүйеде) және әр төгiлген кезде (ауысымды жүйеде) жуылуы қажет.
118. Кәрiз жүйесi жоқ аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балаларға арналған алаңшалар мен халықтың демалу орындарынан 25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.
119. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жағдайында аулалық дәретханалар құдықтар мен бұлақтардан 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.
120. Аулалық дәретханалардың жер бетiндегi бөлiгi және шұңқыры болуы қажет. Жер бетiндегi үй-жай тығыз орналасқан материалдардан (тақтай, кiрпiш, блоктар) құрылуы қажет. Шұңқыр су өтпейтiн болуы қажет. Шұңқырдың тереңдiгi жер асты суларының деңгейiне байланысты, бiрақ 3 метрден артық болмауы қажет. Шұңқырды жер бетiне 0,35 метрге дейiн ғана толтыруға жол берiледi. Шұңқыр толтырылуына қарай, бiрақ жарты жылда бiр реттен кем емес мерзiмде тазаланады.
121. Аулалық дәретханалардың жер бетiндегi бөлiгi кемiргiштер мен жәндiктердi өткiзбейтiндей болуы қажет. Кәрiз жүйесi жоқ аулалық дәретханалар және шұңқырлар 10 күнде бiр рет зарарсыздандырылуы қажет.
122. Жұқпалы және туберкулезке қарсы ауруханалық ұйымдарда азық-түлiк қалдықтарын жинауға жол берiлмейдi.
123. Сауда және қоғамдық тамақтану объектiлерiнде азық-түлiк қалдықтарын уақытша сақтау тоңазытқыш камераларында немесе басқа да салқындататын үй-жайларда жүзеге асырылуы қажет.
124. Азық-түлiк қалдықтарына арналған жинау құралдары күн сайын жуу құралдарымен жуылып және 10 күнде бiр рет зарарсыздандырылуы қажет.
13. Құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде көрiктендiру талаптары
125. Құрылыстың барлық мерзiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстар қоршаған орта, аумақ, халық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасында еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасына жанасатын аумақта тәртiп сақтау бойынша аудан әкiмдерiнiң талаптарын орындауды қамтамасыз етуi қажет.
126. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталғанға дейiн құрылыс алаңы және жұмыстардың қауiптi аймақтары қоршалуы қажет.
127. Алаңға кiреберiсте объектiнiң, құрылыс салушының (тапсырыс берушiнiң), мердiгердiң (бас мердiгердiң) атауы, объект бойынша жауапты жұмыс өндiрушiсiнiң аты-жөнi, лауазымы және телефоны көрсетiлiп, ақпараттық қалқандар орнатылуы қажет.
128. Жауапты жұмыс өндiрушiсiнiң атауы және телефоны құрылыс алаңдарынан тыс орындардың қоршауындағы, мобильдi ғимараттар мен құрылыстар, жабдықтардың iрi көлемдi элементтерi, кабель барабандары қалқандарда көрсетiлуi тиiс.
129. Қажеттiлiк жағдайында жергiлiктi атқарушы органның талабы бойынша құрылыс алаңы қоқыс жинауға арналған бункерлер және жабдықтармен, сондай-ақ шығу орындарында көлiк құралдарының дөңгелектерiн тазалау пунктiлерiмен, ал желiлiк объектiлерде – бағдарламалардың әкімдері көрсеткен орындарда жабдықталуы қажет.
130. Құрылыстың жоспарымен қарастырылған көшелердi жабу, көлiк қозғалысын шектеу, қоғамдық көлiк қозғалысын өзгерту бойынша шараларды жұмыстарды орындаушы жұмыс басталар алдында жол полициясымен және қала аудандары әкiмдерiмен келiсуi қажет. Шектеулерде қажеттiлiк аяқталғаннан кейiн көрсетiлген органдар хабарландырылуы қажет.
131. Құрылыс алаңына енгiзiлмеген белгiлi-бiр аумақтарды құрылыс мұқтаждықтары үшiн уақытша пайдалану қажеттiлiгi кезiнде пайдалану режимi, қорғау (қажеттiлiгiне орай) және осы аумақтарды тазалау осы аумақтардың иелерi және (немесе) пайдаланушыларының келiсiмiмен анықталады (қоғамдық аумақтар үшiн - жергiлiктi атқарушы органмен).
132. Құрылыс жүргiзiлетiн барлық мерзiмде жұмыстарды орындаушы алаңға қойылатын еңбектi қорғау, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс жұмыстарының қоршаған аумақ және халық үшiн қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ осы нормалармен, қолданыстағы басқа нормативтiк құжаттармен құрылысқа келiсу талаптарымен белгiленген әкiмшiлiк сипаттағы түрлi талаптарды орындауға жауапкершiлiкте болады.
133. Құрылыс жүргiзiлетiн барлық мерзiмде жұмыстарды орындаушы уақытша инженерлiк желiлер, жолдар және көлiктiк құрылыстар, қойма алаңдары, тұрмыстық және барлық қатысушылар үшiн ортақ пайдаланудағы басқа да уақытша ғимараттар мен құрылыстарды жайластыру, пайдалану, дамыту және жоюды, сондай-ақ егер басқасы құрылысқа келiсу шарттарымен немесе құрылысқа қатысушылар арасындағы келiсiммен қарастырылмаса, алаң аумағындағы жерлердi қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi.
134. Жұмыстарды орындаушы бекiтiлген аумақтың құрылыс алаңы аумағын тазалауды қамтамасыз етуi қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар қала аудандарының әкiмдерi бекiткен тәртiпте және мерзiмдерде уақтылы шығарылуы тиiс.
135. Селитебтiк аумақтарда құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде қалдықтар мен қоқысты тазалағанда жабық ыдыстар мен бункер-жинауыштарды қолданбай, оларды ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан тастауға жол берiлмейдi.
136. Жұмыстар орындалғаннан кейiн аумақты, әдетте бiр ай мерзiмде (жұмыс көлемiне байланысты) аумақ абаттандырылуы бұзылуын кешендi қалпына келтiру, соның iшiнде жол жабынын, тротуарларды, жиектастарды және көгалдандыру элементтерiн кешендi көрiктендiру жұмыстары орындалуы қажет.
137. Қалпына келтiрiлген аумақ құрылыс немесе қатыстырылған жөндеу ұйымынан оны пайдалануға жауапты ұйыммен акт бойынша қабылданады.
138. Жұмысты алты айдан артық мерзiмге тоқтату немесе тоқтата тұру қажеттiлiгi кезiнде құрылыс салушы (тапсырыс берушi) объектiнi консервациялауды (оны және құрылыс үшiн қолданылған аумақты халық пен қоршаған орта үшiн объектiнiң қауiпсiздiгiн және негiзгi құрылымдардың берiктiгi, тұрақтылығы, сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайға келтiру) қамтамасыз етуi қажет.
139. Егер ғимараттың немесе құрылыстың пайдаланылуы тоқтатылса, халыққа және қоршаған ортаға қауiп келтiретiн жағдайларға жол бермейтiн шаралар қабылдануы қажет (коммуникациялар сөндiрiлiп, сыйымдылықтар босатылуы, қауiптi және улағыш заттар жойылуы, тұрақсыз құрылымдар бекiтiлуi немесе бұзылуы) осы ғимаратқа немесе құрылысқа жануарлар мен адамдардың рұқсатсыз кiруiне жол бермейтiн шаралар қабылдануы қажет.
14. Автомобиль жолдарын және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн көрiктендiру және күтiп ұстау
140. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары орналасқан жерлер мемлекеттiк меншiкке тиесiлi, олар бөлiнбейтiн деп саналады және жеке меншiкке тапсырылмайды. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары жерлерiнде осы жерлердi пайдалану үшiн белгiленген келiсiм тәртiбi бұзыла отырып, салынған кез-келген құрылыстар заңсыз деп танылып, өздiгiнен құрылыс салған тұлға немесе оның қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайдан басқа заңмен белгiленген тәртiпте бұзылуы тиiс.
141. Жол маңындағы жолақтар халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау, жол қозғалысы талаптарын, сондай-ақ жол инфрақұрылымы объектiлерiн қайта құру, жөндеу және күтiп ұстау, орналастыруды жүзеге асыру мүмкiндiгiн есепке ала отырып, орналастырылуы қажет.
142. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының жол маңындағы жолақтарында, жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, күрделi құрылыс жасауға жол берiлмейдi.
143. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының жол маңындағы жолақтарындағы кiреберiс (өтпе жол, жанаспа жол) және басқа объектiлердi жайластыру, жөндеу және күтiп ұстау бойынша шығындарды осы объектiлердiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары көтередi.
144. Аялдама павильондары және аялдама кешендерiнiң иелерi осы құрылыстарды дұрыс жағдайда ұстауға, қажеттiлiгiне орай оларды қалпына келтiру бойынша шараларды қабылдауы қажет.
145. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын пайдаланушылар көлiк құралдарын жол қозғалысы қауiпсiздiгiн, жолдың және онда орналасқан құрылыстардың сақталуын, сондай-ақ қоршаған ортаны ластауға жол бермейтiндей жағдайда пайдалануы қажет.
146. Жол жабынын, жер қабатын, көпiрлер, өтпе жолдар, су құбырлары құрылымдарын, автопавильондар, жол белгiлерi, жол маңайындағы көшеттер, қорғаныс құрылғылары және автомобиль жолдарын жайластыратын элементтердiң бүлiнуiне жол берген автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.
147. Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына тигiзген зиянның орнын толтырады.
148. Жол жиегiнде, тротуарлар мен жаяужолдарда, ал елдi мекендерде сонымен қоса жүру бөлiгiнен басқа жерлерде көлiк құралдарының қозғалысы рұқсат етiлмейдi. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысы, сондай-ақ тiкелей жол жиегiнде, тротуарлар мен жаяужолдарда орналасқан объектiлерге, өтудiң басқа мүмкiндiгi болмаған жағдайда, жүк таситын көлiк құралдарына қысқа жол бойынша өтуге жол берiледi. Осы жағдайда қауiпсiздiк қамтамасыз етiлуi қажет.
15. Жолдарды күтiп ұстау
149. Нөсерлiк кәрiз жүйесi жоқ көшелердiң жүру бөлiгi сыпыру-тазалау машиналарымен тазартылуы қажет.
150. Жол жабынын жолдың жиегiнде жиналатын қоқыстардың су ағынымен жасыл көшеттер жолағына немесе тротуарға шықпайтындай етiп жуу керек.
16. Жолдарды қысқы тазалау
151. Қала көшелерiнiң өтпе жолдары мен кiру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын регламенттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi.
152. Қала аумағын тазалауға жауапты ұйымдар (тапсырыс берушiлер қызметi және мердiгерлiк ұйымдар) 1 қазанға дейiн тайғаққа қарсы қолданылатын материалдарды қажеттi мөлшерде тасып жеткiзуi, дайындауы және жинауы керек.
153. Көшенiң жүру бөлiгiнiң жиегiндегi қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенiң жүру бөлiгiн және өтпе жолдарды тазалауға жауапты кәсiпорын жүзеге асырады.
154. Көшелердiң көлiк жүретiн бөлiгiн және өтпе жолдарды, тротуарлар мен аула аумақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және тәртiптерi ауа райы жағдайына қарамастан, көлiктердiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет болмауы тиiс.
155. Қысқы тазалаудың бiрiншi кезектегi операцияларына:
1) жолдардың жүру бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
2) қарды күреу және сыпыру;
3) қар үйiндiсiн тасып шығару үшiн жинастыру;
4) жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларын, әкiмдiк және қоғамдық ғимараттардың кiрме жолдарын, аулалардан шығатын жолдарды қар үйiндiсiнен тазарту жұмыстары жатады.
156. Екiншi кезектегi операцияға:
1) қарды шығару (тасу);
2) қар шығарылғаннан кейiн жол жиегiн тазарту;
3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйiндiнi шығару.
157. Қала жолдарының жүру бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен хлоридтердi бекiтуге жеткiлiктi қар қабаты пайда болуы үшiн қар жауа бастағаннан кейiн 20-40 минутта өңдеу қажет.
158. Қар жауа бастағаннан кейiн ең алдымен көлiк бағыты үшiн неғұрлым қауiптi магистральдар және көшелер учаскелерiн - тiк түсетiн және көтерiлетiн жолдарды, көпiрлердi, эстакадаларды, тоннельдердi, жол тораптарын және қоғамдық көлiк аялдамаларын, сондай-ақ шұғыл тежелу қажет болатын және тағы басқа жерлердi тайғаққа қарсы материалдармен өңделедi.
159. Көлiк қозғалысы үшiн ең қауiптi орындарды өңдеу аяқтағаннан кейiн көлiк жүретiн бөлiктi тайғаққа қарсы материалдармен толық өңдеу қажет. Бұл операция алдымен жиектегi тастан бастап жолаушылар тасымалдайтын көлiк қозғалысы бағытына дейiн жүргiзiледi.
Жол тазалаушы кәсiпорынға бекiтiлген барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен толық өңдеу уақыты - қар жауа бастағаннан кейiнгi төрт сағаттан аспауы қажет.
160. Технологиялық циклда "шашу - сыпыру" үлестерi екеуi де тең болуы керек (реагенттермен өңделiнген аудандардың саны сыпырылған аудандар санына тең болуы тиiс).
161. Жаңадан түскен 5 сантиметр нығыздалмаған қарға тең болатын қар жол төсемiнен 2,5-3,0 сантиметрге биiк болса, жолдың жүру бөлiгiне механикаландырылған сыпыру жүргiзiледi.
162. Қар ұзақ жауса, механикаландырылған сыпырудың циклы қар жаңадан әрбiр 5 сантиметрлiк биiктiкте түскен сайын жүзеге асырылады.
163. Бiр кәсiпорын қызмет көрсететiн жағдайда барлық көшелердi және өтпе жолдарды қажетiне қарай бiр рет тазалау уақыты төрт сағаттан аспау керек.
164. Қар тоқтаусыз жауса технологиялық циклдың саны (шашу - сыпыру) үш реттен кем емес мөлшерде жасалып, қажеттiгiне қарай қайталануы керек.
165. Қар аяқталғаннан кейiн жол төсемдерiне соңғы сыпыру жұмысы жүргiзiледi.
166. Жолдың жүру бөлiгi механикаландырылған сыпырудан кейiн оның көлденең бойына қар және мұз қалдықтарынан тазалануы тиiс.
167. Көшелердiң жүру бөлiгiнен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердiң жүру бөлiгiнiң және өтпе жолдардың шетiне қарды уақытша жинау үшiн ығыстырылады.
168. Бiр жақты көлiк қозғалысы бар көшелер мен өтпе жолдардан, оның iшiнде гүлзарлар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрiнде бөлiнетiн жолақтары бар магистральдар жағынан қар сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде жиектасқа дейiн қардан және мұздан тазалануы тиiс.
169. Қар үйiндiсiн уақытша жинау кезiнде және жылымықта ерiген сулардың ағуы үшiн жолдың жиек тастарындағы ерiген су ағатын шұңқырлар тазаланып, жиектегi таспен қар үйiндiсi арасында көлденеңi 0,5 метрден кем емес ара қашықтық болуы керек. Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйiндiлерiн жинауға жол берiлмейдi.
170. Қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамалары және жер үстi жаяу өтпе жолдары қар үйiндiлерiнен тазартылып, жол салынуы керек:
1) аялдамаларда: 30 метрден 50 метрге дейiн;
2) белгiсi бар өтпе жолдарда - белгiнiң көлемiне қарай, ал белгiсi жоқ жерде - 5 метрден кем емес.
171. Қар тасушы көлiктiң әрбiр өтуiнен кейiн жол жиегiндегi және жиектас төсемдерiндегi қар қалдығынан және мұздан тазарту, одан кейiн шығару операциясы өткiзiледi.
172. Көшелерден және өтпежолдардан қарды арнайы дайындалған алаңдар – қар үйетiн орындарға шығару қажет. Белгiленген тәртiппен келiсiлмеген орындарға қар шығаруға жол берiлмейдi.
173. Қар үйiндiсiн жинауға тиым салынады:
1) барлық бiр деңгейдегi жолдардың, көшелердiң және өтпе жолдардың тоғысуында және темiржол өтетiн үшбұрышты аймақ көрiнетiн жерлердiң маңына;
2) жаяу жүргiншiлер өтпе жолдарына 5 метр жақын жерде;
3) қоғамдық көлiк аялдамаларына 20 метр жақын жерде;
4) көлiктiк қоршаулармен немесе биiк жиектастармен қоршалған жолдардың учаскелерiнде;
5) тротуарларда.
17. Жолдарды жазғы жөндеу
174. Жолдың жүру бөлiгi барлық ластану түрлерiнен толық тазалануы және жуылуы тиiс.
Реттеушi сызық болып табылатын осьтiк, резервтiк жолақтар құмнан және әртүрлi ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.
175. Екi метрлiк жол жиегiндегi аймақ және ернеуi, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының отырғызу алаңы, трамвай жолдары топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлi қоқыстардан толық тазалануы және жуылуы тиiс.
176. Жолдың жағасы қоқыстардан таза болуы тиiс.
177. Темiр-бетоннан құралған бөлу жолақтарының үстi құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.
178. Жолдың жүру бөлiгiн жуған кезде лайлы суды және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының павильондарына, көлiкке отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттерiне орындарға шашыратуға жол берiлмейдi.
179. Магистральдардың, көшелердiң жүру бөлiгiнiң жолдық төсемдерiн және өтпе жолдарды, трамвай төсемдерiн жуу түнгi (23 сағаттан 7 сағатқа дейiн) және қажетiне қарай күндiзгi уақытта да жүргiзiледi.
180. Жолдық төсемдердi (осьтiк және резервтi жолақты) магистральдарды, көшелердi және өтпе жолдарды алдын ала дымқылдап сыпыру күндiзгi уақытта 8 сағаттан 21 сағатқа дейiн, ал қатты қарқындағы көлiк қозғалысы бар магистральдарда және көшелерде түнгi мезгiлде жүзеге асырылады.
18. Бөлiнген белдеуге iргелес аумақтар
181. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнiң жерлерi жол органдарының немесе жалдаушы ұйымдардың иелiгiнде немесе пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамыту, көрiктендiру және жол сервисi объектiлерiн орналастыруға арналған.
Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде сәйкес жол органдарының келiсiмiнсiз жұмыс жүргiзуге немесе қандай да бiр құрылыстарды орналастыруға жол берiлмейдi.
182. Сауда, қоғамдық тамақтану объектiлерi және сервис объектiлерiн, сондай-ақ олардың жарнамасын ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жол органдарының немесе жалдаушы ұйымдардың келiсiмi бойынша сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар анықтаған орындарда орналастыруға болады.
183. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде сервис, жарнама объектiлерiн орналастыру және бөлiнген белдеулерiн пайдалануға ақы алу тәртiбi қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
184. Аумақтары автомобиль жолдарына жанасатын жер учаскелерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары және жер пайдаланушылар, мiндеттi:
1) жол органдарымен ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасатын жолдар және өтпе жолдар құрылысына келiсiм алуға;
2) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасу жерлерiн және оларға кiреберiстердi техникалық дұрыс және сәйкес санитарлық жағдайда ұстау, қоқыс, ластық және қардан тазалауға;
3) қозғалыс қауiпсiздiгiн нашарлататын және көрудi қиындататын жол маңындағы жолақта материалдар мен құрылымдарды жинауға жол бермеуге.
19. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын көрiктендiру және күтiп ұстау
185. Магистральдiк коммуникациялар, инженерлiк инфрақұрылымның негiзгi құрылыстарының жобалық құжаттамасын әзiрлеу, құрылыс, пайдалану және кейiннен қайта өңдеу кезiнде, сондай-ақ аумақты инженерлiк дайындау бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде көршiлес аумақтардың мүдделерiн есепке алатын және халыққа және аумаққа қауiп келтiретiн (зиянды) процестер мен құбылыстардың әсер етуiне жол бермейтiн шешiмдер қабылдануы қажет.
186. Республикалық, аумақ аралық және аймақтық инженерлiк және көлiк жүйелерiнiң бекiтiлген сұлбасы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге, сондай-ақ елдi мекендердi жайластыруға және тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiн дамытуға (дамуға қатысты) бағытталған қызметке негiз бола алады.
187. Жер учаскелерiн құрылыс үшiн иелерi және (немесе) пайдаланушыларының қолдануы (коммуникация төсеу, аумақты инженерлiк дайындау, көрiктендiру, көгалдандыру және учаскенi жайластырудың басқа да түрлерi) заңнамамен белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалық құжаттамаға сәйкес және нысаналық мақсатын немесе сервитут, аумақты аймақтандыру, қызыл сызықтар және құрылысты реттеу сызықтары, құрылыс салу және пайдалану ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
188. Магистральдарда, алаңдарда, көшелерде, жаяужолдарда, балаларға арналған алаңшаларда, спорттық алаңшаларда, контейнер алаңшаларында және инженерлiк коммуникациялардың үстiндегi жерлерде, және желдету шахталарының қорғалатын аймақтарында, сондай-ақ аула iшiлiк жолдарда және тоқтауға арналған "қалташаларда", көгалдандырылған аумақтарда және осы мақсаттарға бөлiнбеген орындарда металл тенттер, "ұлутас", "пенал" гараждарын, автомобильдерге арналған басқа да пана болатын жерлердi орналастыруға жол берiлмейдi.
189. Су желiлерiнiң қоқыспен бiтелiп қалуын болдырмау үшiн су ағатын коллекторларға, жауынқабылдайтын құдықтарға және арық жүйесiне сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.
190. Қалалық су желiлерiнiң нөсер суларын қабылдайтын және байқау құдықтарына профилактикалық тексерудi және оларды жинауды бекiтiлген кесте бойынша, бiрақ айына бiр реттен кем емес мөлшерде мамандандырылған кәсiпорындар немесе балансында осы құрылғылар болатын басқа да ұйымдар жүргiзедi.
191. Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемi жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек. Торлардың және құдықтардың өткiзу қабiлетiн шектейтiн бiтелуге, лайлануға жол берiлмейдi.
192. Жер асты инженерлiк коммуникацияларының иелерi және (немесе) пайдаланушылары:
1) жер асты коммуникацияларын күтiп ұстауға және жөндеуге, сонымен қатар уақтылы құдықтар мен коллекторларды тазалауға жауапты болады;
2) жолдардың төсемдерiмен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бiр деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегiнде төсемдерiн қалпына келтiрiп жөндеудi қамтамасыз етедi (өз қаржыларымен немесе мамандарылған мекемелермен келiсiм шартқа отыру негiзiнде);
3) құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және болмаған немесе жоғалған кезде (тәулiк iшiнде) қалпына келтiрудi жүзеге асырады;
4) коммуникацияның жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды тәулiк iшiнде қамтамасыз етедi (қар үйiндiлерi, мұз, лай, сұйықтықтар).
193. Жер үстi инженерлiк құрылғыларының иелерi және (немесе) пайдаланушылары инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймағының шекарасындағы iргелес аумақтың санитарлық жағдайына жауапты болады.
20. Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
194. Осы Ережелердi бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес жауапқа тартылады.
195. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ережелердi бұзған тұлғаларды әкiмшiлiк жауапқа тарту келтiрген материалдық зиянының орнын толтырудан, осы Ережелерде қарастырылған талаптарды орындаудан және жiберiлген жөнсiздiктердi жоюдан босатпайды.
Абай ауданының
елді мекендерін көріктендіру
Ережелерiне
1 қосымша
Көріктендіру ПАСПОРТЫ _________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның аты)
__________________________________
(орналасқан мекенжайы)
__________________________________
(заңды мекенжайы, телефон)
қала (кент, ауылдық округ) ___________________ ауданы
1. Басшының аты-жөнi
_____________________________________________________________________
(СТН)
_____________________________________________________________________
2. ҚТҚ шығаруға келiсiм-шарт (нөмiрi, датасы) _________________
3. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, м2 __________________________________________________________________
4. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы газондардың ауданы, м2
_____________________________________________________________________
5. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы ағаштар, бұталар саны, (дана)_________________________________________________________
6. Бөлiнген аумақтардағы кiшi сәулеттiк формалардың болуы, (дана) ______________________________________________________________
7. Аула тазалаушылардың болуы (адам саны) немесе аумақты тазалауға келiсiм N _________________________________________________
Осы паспортта көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы, (жеке тұлға) _____________ Абай ауданының әкiмiн хабардар етiп, жаңартылған аумақты тазалау және күтiп ұстау көрiктендiру паспортын алады.
М.О. ________________________________________ Т.Ә.Е.
(заңды тұлға басшысының, жеке тұлғаның қолы)
"__"__________ 20___ жылы берiлдi
Абай ауданының әкiмi ____________________ Т.Ә.Е.
М.О. (қолы)
бекiтiлген аумақтың СХЕМАСЫ