Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V сессиясының "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" N 5/72 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 22/244 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде N 8-17-98 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жергілікті бюджеттегі қаржы тапшылығына байланысты аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V сессиясының "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" N 5/72 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 24 сәуірде N 8-17-58 болып тіркелген, аудандық "Шет Шұғыласы" газетінің 2008 жылғы 8 мамырдағы N 20 (10168) санында жарияланған), Шет аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі VIII сессиясының "Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V сессиясының N 5/72 "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 8/115 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 16 қазанда N 8-17-62 болып тіркелген, аудандық "Шет Шұғыласы" газетінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 45 (10193) санында жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасында:
      1-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
      5-тармақтың 1), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы "16 жасқа дейінгі мүгедек балалар" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 мамырынан туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы                            М. Сатыбалдин

      Аудандық Мәслихаттың хатшысы               Р. Мақсұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады