Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.05.2013 N 142 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қызылорда облысының елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидалар, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н. Ұранхаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі Б. Қуандықов
Қызылорда облысы әкімдігінің
2010 жылғы 29 қараша N 949
қаулысымен бекітілген
Қызылорда облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағидалар, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптары
Ескерту. Қаулыға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы әкімдігінің 2011.11.14 N 204 қаулысымен.
Осы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағидалар, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптары (бұдан әрi - қағида) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңдарының талаптарына сәйкес және Қызылорда облысы аумағындағы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгертудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын белгiлеу мақсатында әзiрленген.
1. Негiзгi ережелер
1. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынылады:
1) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ, жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
2) елді мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi;
3) ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
4) үй - адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 2011.11.14 N 204 қаулысымен.
2. Қызылорда облысы елдi мекендерiнiң құрамдас
бөлiктерiне атаулар беру және атауларын қайта өзгерту тәртiбi
2. Қызылорда облысының елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атау беру Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңнамамен белгiленген тәртiптегi кеңiстiкте оларды бөлу және айырып тануды қамтамасыз ету үшiн берiледi.
3. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, орамдарға, парктерге, скверлерге, көпiрлерге және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне ат қою және олардың атын өзгерту, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы мәселелердi шешедi;
қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.
4. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен аудандық маңызы бар қалалардағы алаңдарға, көшелерге, саябақтарға, скверлерге, көпiрлерге және басқа да құрамдас бөлiктерге ат қою, олардың атын өзгерту туралы және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы мәселелердi шешедi.
5. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне ат қою және олардың атын өзгерту мәселелерiн шешедi.
6. Қалалық ономастикалық комиссияларды облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, парктердiң, саябақтардың, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгiзу мақсатында құрады.
7. Облыстық маңыздағы қаланың құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту мәселелерi ономастикалық комиссия қорытындысын ескере отырып шешiледi.
3. жер учаскелеріне,
ғимараттар мен құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру
8. Жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiр беру, көрсеткiштердi орнату және пайдалану елдi мекен аумағында көрсетiлген объектiлердiң орналасу орнын (орналасқан жерiн) анықтаудың бiрыңғай жүйесiн қалыптастыруға арналған.
9. Осы қағидаларға сәйкес реттiк нөмiр берiлетiн жылжымайтын мүлiк нысандары:
жер учаскелері;
үйлер;
ғимараттар.
4. Реттiк нөмiрлердi беруге қойылатын талаптар
10. Үйдің (ғимараттың) реттiк нөмiрi - әрiптер қосу мүмкiндiгiмен цифрлардан тұратын немесе қосымша бүтiн цифрлардың бөлшек таңбасы арқылы белгiленетiн объект мекен-жайының бөлiгi.
11. Бiр жер учаскесінде бiрыңғай сәулеттiк ансамбль құрайтын немесе бiр сәулеттiк-құрылыстық кешеннiң бөлiгi болып табылатын екi және одан да көп үйлерді (ғимараттарды) орналастыру кезiнде реттiк нөмiрге әрiптер қосылады.
12. Қолданыста бар екi үйдің арасында орналасқан үйге (ғимаратқа) ең кiшi реттiк нөмiр бөлшек қосу арқылы берiледi.
Үй (ғимарат) орам iшiнде орналасқан жағдайда ең жақын тұрған ғимараттың (құрылыстың) реттiк нөмiрi бүтiн цифрдың бөлшек таңбасын қосу арқылы берiледi.
13. Оңтүстiктен солтүстiкке қарай (батыстан шығысқа қарай) құрылыстың үздiксiз үдерiсiн құрайтын ғимараттарға (құрылыстарға) реттiк нөмiрлер беру көшенiң (жолдың) сол жағы бойынша тақ нөмiрлер және оң жағы бойынша жұп нөмiрлермен жүргiзiледi.
14. Осы қаулы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген ғимараттардың реттiк нөмiрлерi және нөмiрлеуi өзгерiссiз қалдырылады.
15. Осы қағидалардың 13-тармағын орындау мүмкiн болмайтын, яғни елдi мекендер аумақтарының жаңа құрылысын табиғи қалыптастырған жағдайда осы аумақтардағы ғимараттарға реттiк нөмiрлер беру керi тәртiпте, яғни солтүстiктен оңтүстiкке (шығыстан батысқа), көшенiң оң жағында тақ сандармен және сол жағында жұп сандармен жүргiзiледi.
16. Түрлi санаттағы көшелердiң қиылысында орналасқан ғимараттарға ең жоғары санаттағы көше бойынша реттiк нөмiр берiледi.
Егер бiр ғимараттың алды екi бiрдей көшелер қиылысына шықса, онда реттiк нөмiр елдi мекен орталығына бағытталған көше бойынша берiледi.
17. Алаңның периметрiн құрайтын ғимараттарға реттiк нөмiрлер беру орталық жақтан басты жолдан бастап сағат тiлi көрсеткiшi бойынша жүргiзiледi.
5. Қорытынды ережелер
18. Осы қағидаларда қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.