"Қызылорда облысы аумағында елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидаларды, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмерлер беру талаптарын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы N 204 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 15 желтоқсанда N 4281 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы N 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.05.2013  N 142 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысы аумағында елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидаларды, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 949 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4263 тіркелген; "Сыр бойы" газетінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы N 11, "Кызылординские вести" газетінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы N 14 нөмірінде, жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысы аумағында елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидаларды, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарындағы:
      "жер телімдеріне", "жер телімдері", "жер телімінде" деген сөздер тиісінше "жер учаскелеріне", "жер учаскелері", "жер учаскесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынылады:
      1) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ, жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
      2) елді мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi;
      3) ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
      4) үй - адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн.".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н. Ұранхаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                        Б. Қуандықов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады