Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің тәртіптерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 118 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 5 маусымда N 10-3-120 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 наурыздағы N 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010.03.09 N 30 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының  20-бабын басшылыққа ала отырып, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек беру мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу тәртіптері осы қаулының N 1N 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Данабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                         Н. Мұсабаев


Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 06 мамырдағы N 118 қаулысымен
бекітілген N 1-қосымша

Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы қағида

      1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер
бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен
мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери
қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына, Ауған соғысына және Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін және қалтқысыз әскери қызметі үшін "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін", "Озық еңбегі үшін", "Ленинградты, Москваны қорғағаны үшін" бұрынғы КСРО ордендері мен медальдары мен марапатталған азаматтарға, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тікелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған азаматтарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендерге (әрі қарай өтемақы алушылар) тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары үшін өтемақы (әрі қарай-өтемақы) төлеу тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2009.04.27 N 63 қаулысымен.
      2. Өтемақы алушыларға төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Бюджеттен өтелетін коммуналдық қызмет түрлері

      3. Өтемақы алушыларға өтемақы ай сайын (қосымша есепке сәйкес) төмендегі коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша тағайындалады:
      1) электр қуатымен жабдықтау;
      2) газбен жабдықтау (баллонды газ)
      3) жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты
отын;
      4) телефон байланысы.
      5) Ауыз сумен қамтамасыз ету;

3. Қаржыландыру және төлеу

      4. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі болып табылады.

4. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Өтініш;
      2) Жеке басын куәландыратын құжат;
      3) Әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғаны туралы құжат;
      4) Азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлерінің, екінші дүниежүзілік соғыстағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы тұтқындарының, Ауған соғысына және Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектерінің құқығын растайтын құжат.
      6) Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
      7) Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
      8) Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 06 мамырдағы N 118 қаулысымен
бекітілген N 2-қосымша

       Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ", ордендерімен, "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған және облысқа ерекше еңбегі сіңген азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы шарттары

      Осы тәртіп жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті тағайындау мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек алу құқығы

      Жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек алу құқығы бар азаматтар:
Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен,"Халық
Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған және облысқа ерекше еңбегі сіңген азаматтар.

3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар азамат, көмекті тағайындау жөніндегі өтінішті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттарымен қоса тапсырады:
      Жеке куәлік (көшірмесі);
      Зейнетақы куәлігі (көшірмесі);
      Орден және медальмен марапатталғаны жайлы құжат;
      Облысқа ерекше еңбегі сіңгенін дәлелдейтін құжат (көшірмесі);
      Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі құжаттар 10 күн мерзім ішінде қаралады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде бас тарту себебін түсіндіріп құжаттарын кері қайтару керек.
      Әлеуметтік көмектің көлемі жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта қаралып тұрады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған шешімге заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайта қарауға наразылық жасауға болады.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әрбір алушыға салымның бет есеп нөмірі, төлқұжаттың мәліметтері, мекен-жайы және тағайындалған әлеуметтік көмектің сомасы көрсетілген істі жасап жүргізеді. Әлеуметтік төлемдердің тағайындалуының дұрыстығына бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүргізеді.

4. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

      Әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудандық қаржы бөлімі және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы жылы осы мақсаттарға қаралған бюджет есебінен жүзеге асырады.
      Әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен екінші деңгейдегі банкі арасында әлеуметтік көмектерді төлеу туралы жасалған агенттік келісімге сәйкес төленеді.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бар мәліметтер негізінде әр айдың 25-не дейін, әлеуметтік төлемнің түрлері бойынша қорытынды тізімін екі дана етіп жинақтап, бір данасын сол айдың 30-нан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкілерінің аудандық бөлімшелеріне жолдайды.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік төлемге қажетті қаржы мен агенттік келісімге сәйкес белгіленген өтемақы сомасын аудандық екінші деңгейдегі банкінің субкорреспонденттік есеп шотына аударады.
      Әлеуметтік төлем аяқталған ай үшін және әлеуметтік төлем алу құқығы пайда болған кезден бастап, әлеуметтік төлем тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі.
      Осы Тәртіптің күші бірге тұратын екі және одан да көп адамдарға қолданылатын жағдайда, әлеуметтік төлем олардың әрқайсысына беріледі.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-не, жергілікті бюджеттің шығыс бөлігін анықтау мақсатында аудандық қаржы бөліміне төленетін әлеуметтік төлем есебін тапсырып отырады.

5. Әлеуметтік төлем мөлшері

      Қазақстан Республикасының "Отан" "Даңқ" ордендерімен "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған және облысқа ерекше еңбегі сіңген азаматтарға - 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
      Әлеуметтік көмек жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта есептелініп төленеді.

6. Әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылуы

      Әлеуметтік көмек тағайындалуға құқығы жоғалса немесе алушы қайтыс болған жағдайда төлемі тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады