Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің тәртіптерін бекіту туралы" N 118 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 63 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 12 мамырда N 10-3-136 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 наурыздағы N 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010.03.09 N 30 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 14 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы кезекті он төртінші сессиясының N 92 шешіміне сәйкес Арал ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы "Жекелеген
санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің
тәртіптерін бекіту туралы" N 118 қаулысымен (нормативтік құқықтық
кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-3-120 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 14.06.2008 ж. N 48 санында ресми жарияланған) бекітілген N 1 қосымшасына мынадай толықтыру енгізілсін:
      Қаулының N 1 қосымшасының 1 бөлігінің 1 тармағындағы "Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздерден кейін "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін және қалтқысыз әскери қызметі үшін "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін", "Озық еңбегі үшін", "Ленинградты, Москваны қорғағаны үшін" бұрынғы КСРО ордендері мен медальдары мен марапатталған азаматтарға, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тікелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған азаматтарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендерге" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары К.Данабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 Н. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады