"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы N 750 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 26 ақпанда N 10-5-122 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 шілдедегі N 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.07.21 N 32 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа алып Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы аудан әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырындағы N 527 қаулысына (Қармақшы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 12 мамырда N 10-5-109 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 13 мамыр 2009 жылғы N 40-41 (8723) санында ресми жарияланған, ""Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қыркүйегіндегі N 630 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Қармақшы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 15 қазандағы N 10-5-114 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 28 қазан 2009 жылғы N 88 (8773) санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) қаулының N 1 қосымшасымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің" 3 бөлімінің 12 тармақшасындағы "26 940" деген сөзді "40 000" деген сөзбен ауыстырылсын;

      қаулының N 4 қосымшасымен бекітілген "Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің" 2 бөлімнің 11 тармақшасындағы "Келісім – шарттың ең жоғарғы мерзімі 6 ай, ең төменгі мерзімі 3 ай" деген сөздер "Шарттың ұзақтық мерзімі 6 айға дейін жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қаулының N 4 қосымшасымен бекітілген "Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің" 2 бөлімі мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "15.1) Жастар тәжірибесінен өтушілердің жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган қалыптастырады және жастар тәжірибесін құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады.";

      қаулының N 4 қосымшасымен бекітілген "Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің" 4 бөлімінің 23 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақы төлемі "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" кіші бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.";

      қаулының N 5 қосымшасымен бекітілген "Жастар тәжірибесі бойынша ұйымдастырылатын мекемелер тізімінің" күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Б. Қаюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады