"Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысының әкімдігінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 339 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 қазанда № 2086 тіркелді. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 333 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.23  № 333 қаулысымен.
      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, сондай - ақ жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2011 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырда жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      7 - тараудың 51 - тармағының екінші абзацындағы «Жалдау төлемін» деген сөздерден кейін «бір айда» деген сөздермен толықтырылсын;
      7 - тараудың «Мемлекеттік тұрғын жай емес қорын жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері және қолданылатын коэффициенттерінің мөлшері» деген 1 - кестесінде:
      реттік нөмірі 5.3. жолы алынып тасталсын;
      7 - тараудың 52 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. 2 - Кестеге сәйкес, басқа да мүліктің (ғимарат, құралдар, автокөлік құралдары және басқа да мүлік) ай сайынғы мүліктік жалдау төлемақысы активтердің алғашқы баланстық құнының деректері және қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері негізінде анықталады.»;
      7 - тараудың «Мүліктің жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері және қолданылатын коэффициенттер мөлшері» деген 2-кестесінде:
      реттік нөмірі 1.2. жолдағы «28» деген сандар «20» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.5. жолдағы «22» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.6. жолдағы «25» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
      7 - тарау мынадай мазмұндағы 53-1 тармақпен толықтырылсын:
      «53 - 1. Мүліктік жалдауға (жалға) берудің (оқу аудиториялары, спорттық, концерттік, акт және көрме залдарының) біржолғы шара үшін төлем ставкасы өткізілетін шараның бір күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл сайын бекітіліп отыратын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде алынады. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беруден түскен қаражат тиісті жергілікті бюджетке аударылады.
      Біржолғы шараны өткізуге коммуналдық алаңды мүліктік жалдауға (жалға) берудің шарты Объектінің баланс ұстаушысымен жасасылады.
      Баланс ұстаушы біржолғы шараларды өткізуге тапсырылатын алаңдардың саны туралы коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті мемлекеттік органға ай сайын ақпарат береді.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы қаржы
      басқармасының бастығы
      М.Б. Әлібекова
      20 қыркүйек 2010 ж.

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ә.С. Қыраубаев
      С.А. Бермұхамедов
      Ж.А. Оспанова
      А. Әбдешұлы
      Маңғыстау облысы қаржы
      басқармасының бастығы
      М.Б. Әлібекова
      20 қыркүйек 2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады