"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 390 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2010 жылы 23 қарашада N 2087 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:

      1 - тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

      2 - тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт - Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады, ал елді мекендерде қашықтығы Ақтау қаласы - 83,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері С (4953315; 10034132) Д (4862525; 10065137), Форт-Шевченко қаласы - 19,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері А (4994790; 9985280) В (4993680; 9981590), Құрық ауылы - 12,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Е (4842890; 10079230) F (4838320; 10087670), Кендірлі демалыс аймағында - 7,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Т (4795800; 10149610) U (4787830; 10157500) учаскеде, бекітілген жобалық - сметалық құжаттаманың негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр тағайындалады".

      2. Ақтау қаласының, Түпқараған және Қарақия аудандарының әкімдері:

      Каспий теңізі жағалауындағы санамаланған учаскелердің су қорғау белдеулерінің шекарасын енгізілген өзгерістерді есепке алып, табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын;

      жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін;

      осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Жүнбасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Қ. Көшербаев


      КЕЛІСІЛДІ:

      Жайық-Каспий экология департаментінің

      Маңғыстау облыстық филиалының бастығы

      Б.М. Ниязов

      10 қараша 2010 жыл

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрлігінің Мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      департаментінің директоры

      Б.Б. Өтесінов

      10 қараша 2010 жыл

      Қазақстан Республикасы

      Жер ресурстарын басқару агенттігінің

      Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша

      өңіраралық жер инспекциясының бастығы

      Г.Е. Сүлейменов

      10 қараша 2010 жыл

      Маңғыстау облысының жер қатынастары

      басқармасының бастығы

      Қ.С. Оразбаев

      10 қараша 2010 жыл

      Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу

      басқармасы бастығының м. а.

      О. Ә. Тоқжанов

      10 қараша 2010 жыл

      Маңғыстау облысының энергетика және

      коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы

      С.Х. Аманбеков

      10 қараша 2010 жыл

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік

      инспекциясының бастығы

      Б.О. Қуанов

      10 қараша 2010 жыл

      КЕЛІСІЛДІ:

      М.М.Жүнбасов

      Е.Е.Серікбаев

      Қ.А.Нышанбаев

      А. Әбдешұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады