Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына, 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарасу ауданының Степной ауылы оның жер пайдалану шегіндегі аумағынан Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімшілік бағынышына берілсін.
2. Тұрғындар саны 50 адамнан кем емес Қарасу ауданының мына елді мекендер таратылсын:
Люблин ауылдық округінің Заречный ауылы,
Ильичев ауылдық округінің Байығанкөл ауылы.
3. Таратылған ауылдық елді мекендер енгізілсін:
Қарасу ауданы Люблин ауылдық округінің Заречный ауылы Корнилов ауылының құрамына,
Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің Байығанкөл ауылы Косомол ауылының құрамына.
4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі С. Кулагин
Сессия төрайымы З. Арефьева
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Төкенов