Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2010 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 310 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 9 шілдеде № 3730 тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2010 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            З. Арефьева

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігі
      табиғи ресурстар және
      табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________ Қ. Төлеубаев
      2010 жылғы 4 маусым

Мәслихаттың       
2010 жылғы 4 маусымдағы 
№ 310 шешімімен     
бекітілген       

Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны
үшін 2010 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Арнайы су
пайдалану түрі

Өлшем бірліктері

Төлемақы
мөлшерлемелері
(теңге)

1

Тұрғын
үй-пайдалану және
коммуналдық
қызметтер

1 текше метр

0,065

2

Өнеркәсіп,
жылуэнергетикасын
қоса

1 текше метр

0,186

3

Ауыл шаруашылығы

1 текше метр

0,051

4

Су көздерінен су
алуды жүзеге
асыратын тоған
шаруашылықтары

1 текше метр

0,051

5

Су көздерінде
балық аулайтын
балық
шаруашылықтары,
тұтынушылар

1 тонна

133

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады