Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 198 "Біржолғы талондар құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 20 қазандағы № 348 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 қарашада № 9-1-154 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2013.01.22 № 106 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Біржолғы талондар құнын белгілеу туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 198 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-128 тіркелген, 2009 жылдың 16 маусымында "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-қосымшадағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-қосымшадағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      № 4 сайлау округі
      бойынша депутаты                           А.Айдосов

      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Г.Уралова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігі Салық
      комитетінің Қостанай облысы
      Қостанай қаласы бойынша
      салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ____________ Е. Бексейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады