Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 28.01.2015 № 215 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2011 жылға арналған Қостанай қаласы бойынша Халықтың нысаналы топтарының тізбесі белгіленсін.
2. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін белгілеу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 25 (9-1-140 бойынша Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпандағы № 10 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.
Әкім Ж. Нұрғалиев
Қостанай қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 2464 қаулысына қосымша
Қостанай қаласы бойынша Халықтың нысаналы топтарының
2011 жылға тізбесі
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар.
3. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
4. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
5. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
6. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
7. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
8. Мүгедектер.
9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
10. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
11. Оралмандар.
12. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
15. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп).
16. Елу жастан асқан адамдар.
17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.