Әкімдіктің 2010 жылғы 21 қаңтардағы "2010 жылғы жұмыссыздарға және жұмыс уақыты толық емес режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 13 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 83 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 сәуірде № 9-8-153 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы негізінде, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 21 қаңтардағы "2010 жылғы жұмыссыздарға және жұмыс уақыты толық емес режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 13 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-8-146 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 наурыздағы "Наше время" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Денисов ауданы бойынша жұмыссыздарға және жұмыс уақыты толық емес режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен ұйымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес 18 жолмен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі                    А. Кушнир

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы __________ Д. Мұсылманқұлова

      "Денисов ауданы әкімдігінің
      және Денисов ауданының тұрғын
      ұй-коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі" "Дидар" коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының директоры
      ___________ В. Семенов
 

Әкімдіктің       
2010 жылғы 5 сәуір   
№ 83 қаулысына қосымша 
 

р/б
№№

Кәсіпорынның атауы

Жұмыстардың түрлері
мен көлемі

1

2

3

18

"Денисов ауданы
әкімдігінің және Денисов
ауданының тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" "Дидар"
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорны

Денисовка селосы.
Денисовка селосының елді
мекенінде шаруашылық
жөніндегі есепті
жүргізуінде көмек көрсету
- 1731 аула.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады