Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.07.13 № 218 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына және ауыл шаруашылығының Қостанай ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы, бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
1) мамырдың 15-нен 30-на дейін жаздық бидай;
2) 30 мамырдан 5 маусымға дейін арпа, сұлы, тары, қарақұмық;
3) 23 мамырдан 27 мамырға дейін жаздық рапс;
4) 20 мамырдан 25 мамырға дейін зығыр;
5) 18 мамырдан 20 мамырға дейін күнбағыс;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары А.В. Алексеевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданының әкімі А. Кушнир
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
_______________________ А. Зимовец