Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 68 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда № 9-9-122 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді үйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3714 нөмірімен тіркелген) сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды хабардар етуін, медициналық және шақыру комиссияна өту үшін олардың уақытында жетуін қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық шақыру және медициналық комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде мыналарды жасауға ұсыныс етілсін:
      1) өз құзіреті шегінде әскери қызметтен жалтарын жүргендерді іздестіру мен ұстауды жүргізсін;
      2) шақыру пунктерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау жөніндегі жұмысын ұйымдастырсын;
      3) әсерге шақырылушыларды "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруы 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
      6. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2 техникалық қызметкер жіберу көзделсін.
      7. "Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскери қызметті өтеу үшін әскер қатарына жіберілетін әскерге шақырылушыларға салтанатты шығарын салу іс-шараларын үйымдастырсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Аудан әкімі Н. Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Жангелдин ауданының
      Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________ C. Жаркин

      Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай
      облысы денсаулық сақтау департаментінің
      "Жангелдин аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _____________ Б. Уалиев

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті Жангелдин
      ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының  міндетті уақытша
      атқарушы __________ Б. Сейтқасимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады