Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012.12.21 № 68 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жангелдин ауданының көлемінде қызметі дүркін–дүркін сипатта болып Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін біржолғы талон төлемі белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық
мәслихаты кезектен тыс
сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы Т. Даркенов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша
Салық департаментінің
Жангелдин ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Х. Зейнеке
Мәслихаттың
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 198 шешіміне қосымша
Жангелдин ауданының көлемінде қызметі
дүркін–дүркін сипатта болып Қазақстан
Республикасының азаматтары мен оралмандары
үшін біржолғы талон төлемі
№ |
Қызмет түрі |
Бір жолғы талон |
1 |
Сату (стационарлық үй-жайда |
|
1) |
газеттер мен журналдар; |
71 теңге |
2) |
тұқым, сондай-ақ, |
71 теңге |
3) |
бақша дақылдарын; |
212 теңге |
4) |
саяжайларда және үй |
71 теңге |
5) |
қосалқы ауыл шаруашылығы, |
141 теңге |
6) |
орман жидегін, бал, |
141 теңге |
7) |
жануарлар мен құстардың |
353 теңге |
8) |
балық |
212 теңге |
2 |
Жер учаскелерін өңдеу |
283 теңге |
3 |
Үй жануарлары мен құстарын |
71 теңге |