Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 187 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 маусымда № 9-12-140 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 23-бабына, 19-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген кезекті мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында жедел әскери қызметіне кезекті шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолық округтер, Қарабалық кенті және Тоғызақ селосының әкімдері:
      1) медициналық комиссияға, аудандық шақыру комиссияның отырысына және әскерге жіберу үшін шақырушыларды хабарлау және өз уақытта келуді қамтамасыз етілсін;
      2) әскери қызметті өту үшін әскерге жіберілетін шақырушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырылсын.
      3. "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруды 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
      4. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы әкімдік қаулысын орындау бойынша орындалған жұмыс туралы ақпарат Қарабалық ауданының әкіміне 2010 жылдың 1 шілдесіне және 2011 жылдың 1 қаңтарына ұсынылсын.
      5. "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына ұсынылсын:
      1) қолданыстағы заңнаманың шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарып жатқан тұлғаларды iздестiру және ұстауды жүзеге асыру;
      2) шақыру учаскесінің аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және Қостанай қаласының облыстық жинау пунктіне шақырушылардың жеткізуді қамтамасыз ететін колондарды шығарып салу үшiн полицияның наряды бөлiп шығарылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.

      Қарабалық ауданының әкімі                   Ф. Филиппов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Н. Нархов

      "Қостанай облысы Қарабалық ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      ______________ С. Әймүқанов

      "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      ___________________ Л. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады