Қарасу ауданында 2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 30 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда № 9-13-104 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданы әкімінің
      міндетін атқарушысы                     Н. Әбдірахманов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарасу ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ А. Ерменова
 
 

Әкімдіктің          
2010 жылғы 11 ақпандағы № 30 
қаулысына қосымша      

2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының
тізбесі

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарынан түлектері.
      12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның жойылуына не жұмыс беруші-заңды тұлға қызметінің тоқталуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартуына байланысты босатылған адамдар.
      13. Бес жасқа дейінгі баласы бар ана.
      14. Елу жастан үлкен адамдар.
      15. Уәкілетті органының бағдары бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар.
      16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай).
      17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады