"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 293 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қыркүйекте № 9-13-114 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындауда Қарасу ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі № 9-13-111 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2010 жылғы 19 мамырда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Қ.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады