Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырда № 9-13-111 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысын, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкiмдігiнiң 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі нөмiрі 3714) орындауда Қарасу ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
      3. Ауылдар мен ауылдық округтердiң әкiмдерi мыналарды жасасын:
      1) "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) көрсеткен мерзімінде әскерге шақырылушылардың құлақтандыруын, медициналық және шақыру комиссияны өту үшін олардың уақытында жетуiн қамтамасыз етсiн;
      2) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2010.09.06 № 293 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Шақыруды сапалы және ұйымдастырылған түрде өткiзу үшiн мемлекеттiк мекемелер қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлердi берсін.
      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде мыналарды жасауға ұсыныс етілсін:
      1) өз шеңберінің шегінде әскери қызметтен жалтарып жүргендердi iздестiру мен ұстауды жүргiзсiн;
      2) шақыру пунктерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртiптi қалпында сақтау үшiн полиция нарядын бөлсiн;
      3) әскерге шақырылушыларды "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнен жөнелткен кезде қоғамдық тәртiптi қалпында сақтауды қамтамасыз етсiн.
      6. Құлақтандыру, шақыруды өткізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру пунктіне, облыстық жиын пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындалуымен байланысты шығыстар қарастырылған қаржы бөлімдердің шеңберінде аудандық бюджеттің қаражат есебінен өткізілсін.
      7. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесi "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң шығыстар сметасында карастырылған қаржы бөлімдер есебiнен шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Б. Бекеновке жүктелсiн.
      9. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2010 жылғы сәуірде туындаған іс-әрекетке таралады.

      Қарасу ауданының әкiмi                     Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер
      департаменті Қарасу ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесiнің бастығы
      _______________ М. Исергепов

      "Қостанай облысы Қарасу ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесiнің бастығы
      ______________ А. Мұқашев
 

Әкімдіктің       
2010 жылғы 22 сәуірдегі 
№ 110 қаулысына қосымша 

Шақыру кезеңінде техникалық жұмыскерлердi беретін
мекемелер мен ұйымдардың тiзiмi
 

Р/с №

Мекеме атауы

Адамдар
саны

Мерзiмдер

1

"Қарасу ауылы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

1

2010 жылғы 1
сәуірден бастап
30 сәуірге дейiн

2

"Қарасу ауданы
әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

1

2010 жылғы 3
мамырдан бастап
31 мамырға дейiн

3

"Қарасу ауданы
әкімдігінің мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттiк мекемесi

1

2010 жылғы 1
маусымнан бастап
30 маусымға
дейiн

4

"Қарасу ауданы
әкімдігінің ішкі саясат
бөлімі" мемлекеттік
мекемесі

1

2010 жылғы 1
қазаннан бастап
31 қазанға дейiн

5

"Қарасу ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттiк
мекемесi

1

2010 жылғы 1
қарашадан бастап
30 қарашаға
дейiн

6

"Қарасу ауданы
әкімдігінің білім беру
бөлімі" мемлекеттiк
мекемесi

1

2010 жылғы 1
желтоқсаннан
бастап 30
желтоқсанға
дейiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады