"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкiмі ШЕШТІ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурызға дейiн "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне аудан аумағындағы 1994 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарының тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
3. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы "Қарасу аудандық орталық ауруханасы" (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Октябрь селолық ауруханасы" (келісім бойынша) мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындардың бас дәрiгерлерi "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуі ұсынылсын.
4. Селоның, селолық округтiң әкiмдерi және ұйымдардың басшылары әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды олардың ауданның жергiлiктi әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған жүктелімді оқу орындарына жеткізсін, бастапқы әскери оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны жөнінде хабарландыру берсін. Әскери оқу орындарына түсуге әскери-кәсіптік бағдар беру мақсатында тізімге алу уақытында әр әскерге шақыру жасына дейінгілермен жеке әңгіме жүргізсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсiн.
7. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкiмi А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігі
Денсаулық сақтау басқармасы
"Қарасу аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорны бас дәрiгерiнің
міндетін атқарушысы
_____________ М. Манькевич
"Қостанай облысы Қарасу
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесiнің
бастығы
_____________ А. Мұқашев
Қостанай облысы әкімдігі
Денсаулық сақтау басқармасы
"Октябрь селолық ауруханасы"
мемлекеттiк коммуналдық
қазыналық кәсiпорны бас
дәрiгерiнің міндетін
атқарушысы
_______________ Р. Ильясова