"Кәсіби дайындыққа, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы, өмір сүруге, тамақтануға, медициналық куәландыруға, оқу орнына барар жол шығындарын өтеу туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 55 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда № 9-14-124 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012.02.01 № 59 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137-баптары негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Кәсіби дайындыққа, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы, өмір сүруге тамақтануға, медициналық куәландырұға, оқу орнына барар жол шығындарын өтеу туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 470 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-12 болып тіркелген, "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2005 жылдың 12 қыркүйегінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулының бүкіл мәтіні бойынша "жұмыссыздарға", "жұмыссызды", "жұмыссыздар" сөздері "адамдарға", "адамға", "адамдар" сөздеріне ауыстырылсын:
      10-тармақшадағы "өмір сүруге" сөздерінен  кейін "жеті" сөзі "алты" сөзіне ауыстырылсын;
      "тамақтануға" сөзінен кейін "бес" сөзі "үш" сөзіне ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Абеновтың" тегі "Казиннің" тегіне ауыстырылсын.
      2. "Кәсіби дайындыққа, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы, өмір сүруге, тамақтануға, медициналық куәландыруға, оқу орнына барар жол шығындарын өтеу туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 10 қарашадағы № 539 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-93 болып тіркелген, "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2009 жылдың 9 қаңтарында ресми жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі                   Г. Тюркин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________ М. Жусупов

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ В. Осадчая

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі мемлекеттік
      мекемесі бастығының міндетін атқарушы"
      _____________ М. Шилина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады