"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыру учаскелеріне және аудандық жиналу пунктіне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмыскерлердің және қызмет көрсететін тұлғалардың, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған ұйымдарда олардың жалақысы, жұмыс орны, және атқаратын лауазымы сақталатынын назарға алсын.
3. Боровской селосы және селолық округтер әкімдері:
1) шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушыларды жеткізілуін қамтамасыз етсін;
2) әскери қызметті өткеру үшін жіберілген шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны шақыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсынамыз.
5. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыруды өткізу кезеңіне техникалық жұмыскердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсынамыз.
6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келісім бойынша):
1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіру және ұстауды өзінің құзыреті шегінде жүзеге асыру;
2) шақыру пункттерінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру ұсынамыз.
7. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын сақтап, аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асыруға ұсынамыз.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Меңдіқара
ауданының әкімі Б. Жақыпов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Меңдіқара
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ В. Антипов
Қазақстан Республикасы Қостанай
облысы әкімдігі Денсаулық сақтау
басқармасының "Меңдіқара аудандық
орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
______________________ Д. Ахметов
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
ішкі істер департаменті Меңдіқара
аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Н. Досымов