Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 28 қазандағы № 216 "Біржолғы талонның құнын бекіту туралы"

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 339 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қаңтарда № 9-18-128 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 27.03.2013 № 114 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы"" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңына сәйкес және 2010 жылғы 26 тамыздағы № 7-2-1543-10 прокурордың наразылығы негізінде аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 28 қазандағы № 216 "Біржолғы талондар құнын белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-18-101 нөмірімен тіркелген, "Шамшырақ" аудандық газетінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      12 тармақтарында "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2 қосымшаның 1 тармағы 5) тармақшысымен толықтырылсын:
      "5) бақша дақылдары, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық біржолғы талондар кұның оларға 13 теңге сомасы болып белгіленсін".
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отыз алтыншы, кезекті
      сессиясының төрайымы                       Л. Луценко

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С. Жолдыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының
      қаржы Министірлігінің Салық
      комитеті Қостанай облысы
      бойынша Салық департаменті
      Таран ауданы бойынша Салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Қ. Сәрсенбаев

2010 жылғы 24 желтоқсандағы 
№ 339 мәслихаттың шешіміне 
қосымшасы         

2009 жылғы 28 қазандағы  
№ 216 мәслихаттың шешіміне 
1 қосымшасы        

Біржолғы талондар құны Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар үшін, қызметтерді жүзеге асыратын тауарлар
өткізу жөніндегі, жұмыстар орындау, базарларда қызметтер
көрсету, қоспағанда сауданы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй – жайлардағы, (оқшауланған блоктардағы)
базарлардың аумағындағы
 

р/н

Қызмет түрлері

Біржолғы талондар құны (теңгеде)

Тобыл
кенті

Таран
селосы

басқа елді
мекендер

1.

Тауарды өткізу,
жұмыс орындау,
қызмет көрсету

194

130

65

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады