Біржолғы талондар құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы № 216 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қарашада № 9-18-101 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 27.03.2013 № 114 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес, базарлардың аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй – жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2010.12.24 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      2. 2-қосымшаға сәйкес, қызметі дүркін – дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талондар құны белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2010.12.24 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Он тоғызыншы, кезектен тыс
      сессиясының төрайымы                       Т. Дергач

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Ж. Шинкин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ Қ. Сәрсенбаев
      2009.10.28

2009 жылғы 28 қазандағы № 216 
мәслихаттың шешіміне 1-қосымша 

Базарлардың аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй – жайлардағы (оқшауланған блоктардағы)
сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2010.12.24 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

р/н

Қызмет түрлері

Біржолғы талондар құны (теңгеде)

Тобыл
кенті

Таран
селосы

басқа елді
мекендер

1.

Тауарды өткізу,
жұмыс орындау,
қызмет көрсету

194

130

65

2009 жылғы 28 қазандағы № 216 
мәслихаттың шешіміне 2-қосымша 

Қызметі дүркін – дүркін сипаттағы жеке
тұлғалар үшін біржолғы талондар құны

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2010.12.24 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

р/н
Сату түрлері Біржолғы
талондар
құны (теңгеде)

1.

Сату (стационарлық үй – жайда
жүзеге асырылатын қызметтерді
қоспағанда)




1) газеттер мен журналдар

13



2) тұқым, сондай – ақ
отырғызылатын материал
(екпелер, көшет)

13



3) саяжайларда және үй
маңындағы учаскелерде
өсірілген табиғи гүлдерді

13



4) қосалқы ауыл шаруашылығы,
бағбандық, бақшашылық және
саяжай учаскелерінің өнімдерін

13



5) бақша дақылдары, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық

13

2.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі
жеке трактор иелерінің
көрсететін қызметін

194

3.

Үй жануарларын бағу

65

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады