Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.01.06 N 1-34/8 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8 және 20-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Тиісті жылға республикалық бюджетпен белгіленген қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы ең аз жалақыдан кем емес мөлшерде, қаланы көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмысты орындайтын жұмыскерлер үшін ең аз жалақының бір жарым мөлшеріндегі мөлшерде жүргізілсін.
3. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына тарайды.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов
Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы
19 ақпандағы N 72/2 қаулысына
1-қосымша
Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар
үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстар түрлері
1. Қаланың, ауыл елді мекендердің аумақтарын жинауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек.
2. Жолдарды салуға және жөндеуге, су құбыры, газ, кәріз және басқа коммуникацияларды төсеуге көмектесу.
3. Тұрғын үй қоры, әлеуметтік мәдени мақсаттағы объектілерді салуға, қайта жаңғыртуға және күрделі жөндеуге көмектесу.
4. Қаланы және ауылдық елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, және санитарлық тазалау, орман желектерін отырғызу.
5. Мәдени мақсаттағы (спорт жарыстары, фестивалдар, балалар спорт алаңдарының имараттары, сырғанақ, мұз қалашықтар және басқаларды салуға) ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға көмек.
6. Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандарды (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ, төлқұжаттандыру, сайлау, жазылу науқандарын және т.б.) өткізуге қатысу.
7. Қалада, кентте, кентте, ауылдар мен селолық округтерде коммуналдық меншік объектілерін күзетуге жәрдемдесу.
8. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету.
9. Шегіртке зиянкестерімен күрес.
10. Волонтерлер.
11. Қаланың тұрғын үй қорының лифтілерін сақтау.
12. Саяжай учаскелерін күзетуге жәрдемдесу.
13. Мемлекеттік органдарға, мекемелерге, ұйымдарға техникалық қызмет көрсетуге жәрдемдесу (әр түрлі төлемдерді жинау, жеке аулалардағы малдардың есебін жүргізу).
14. Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пунктеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар.
15. Кешенді блок-модуліне (КБМ) қызмет көрсету және күзету.
Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы
19 ақпандағы N 72/2 қаулысына
2-қосымша
Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар
үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың,
ұйымдар мен мекемелердің тізбесі
Ескерту. 2-қосымша 37-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.11.05 N 774/5 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1 |
Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Горводоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. |
2 |
Ақсу қаласының әкімдігі Ақсу қаласының қаржы бөлімі "Теплосервис - Ақсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. |
3 |
"Горкомхоз-Ақсу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. |
4 |
"Ақсу қаласының жас натуралистер станциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. |
5 |
"Ақсу қаласының мәдени-сауық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. |
6 |
Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу-Коммунсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. |
7 |
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті "Ақсу орталық ауруханасы" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. |
8 |
"Павлодар қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы" Ақсу филиалы мемлекеттік мекемесі. |
9 |
"Ақсу қаласының мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны. |
10 |
"Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
11 |
"Ақсу қаласы маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
12 |
"Ақсу қаласы Ақсу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
13 |
"Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
14 |
"Ақсу қаласы Алғабас ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
15 |
"Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
16 |
"Ақсу қаласы Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
17 |
"Ақсу қаласы Ақжол селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
18 |
"Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
19 |
"Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
20 |
"Ақсу қаласы Еңбек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
21 |
"Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
22 |
"Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
23 |
"Ақсу қаласы Құркөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
24 |
"Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
25 |
"Ақсу қаласы Пограничный селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
26 |
"Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. |
27 |
"Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
28 |
"Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
29 |
"Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
30 |
"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
31 |
"Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
32 |
"Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
33 |
"Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
34 |
"Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
35 |
"Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
36 |
"Ақсу қаласының сәулет және қала салу бөлімі" мемлекеттік мекемесі. |
37 |
Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сауық сервис" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. |