Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы "Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 72/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 05 қарашадағы N 774/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 10 желтоқсанда N 12-2-159 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 1-34/8 хатымен)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.01.06 N 1-34/8 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8 және 20-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы "Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 72/2 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2010 жылғы 10 наурызда N 12-2-127 болып тіркелген, "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2010 жылғы 20 наурызда N 23 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қала әкімдігі қаулысының 2-қосымшасындағы:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ақсу қаласының әкімдігі Ақсу қаласының қаржы бөлімі "Теплосервис - Ақсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";
      мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
      "37. Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сауық сервис" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.".
      2. Қала әкімдігінің осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады