Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін өңір ұйымдарында және кәсіпорындарында қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
2. 1-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.
3. 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ашуға қарастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін.
4. Осы қаулының 1-қосымшасындағы 1, 2, 3-тармақтарындағы көрсетілген жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қатыстырылатын басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша анықталсын.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жұмыс берушілер арасында келісім шартты жасарда қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарттары реттелсін.
6. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі он екі айға дейін белгіленсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С. С. Төлеубаевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда таратылады.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев
КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысы денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
2010 жылғы 11 қаңтар А. Күзеков
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
N 18/1 қаулысына
1 қосымша
Қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі
N р/с |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
1 |
Аймақтың елді мекендерін көріктендіру, соның ішінде: |
1.1 |
Аймақты қоқыстан қолмен тазалау жұмыстары |
1.2 |
Аймақты қардан және мұздан қолмен тазалау жұмыстары |
1.3 |
Контейнер алаңдарынан қоқысты шығару және жинау, қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигонына арналған кезек |
1.4 |
Ұйымдастарылмаған қоқыс орындарын жою |
1.5 |
Ескі үйлерді және бос ғимараттарды қолданыстан шығару, қажет болған жағдайда оларды консервациялау |
2 |
Жолдарды, инженерлік қатынастарды, су құбырларын жөндеуге қатысу, соның ішінде: |
2.1 |
Көше жол желістерін ұстау |
2.2 |
Жергілікті жолдарды, көпір жол желістерін ұстау |
3 |
Аймақты экологиялық сауықтыру, соның ішінде: |
3.1 |
Саябақтарды және көшебақтарды ұстау, саябақ шаруашылығын және демалу аймақтарын сақтау |
3.2 |
Көшебақтарды бөлу, ағаш отырғызу, ағаштарды қалыппен кесу және орнына келтіру, жасыл көшеттерді отырғызу және суару |
4 |
Республикалық және аймақтық қоғамдық компанияларды өткізу және өткізуге қатысу |
4.1 |
Қоғамдық пікірлердің сұрауын өткізу |
4.2 |
Муниципалдық округтердегі халықпен жұмыс |
4.3 |
Халық санағына және ауыл шаруашылық санағына қатысу |
4.4 |
Шұғыл топтардың құрамымен тұрғын-жай қорын тексеруге қатысу |
5 |
Халықтың бос уақытын ұйымдастыруға көмек, соның ішінде: |
5.1 |
Мәдениеті іс шараларды өткізуге, мұз алаңдарын және қар қалашығын және балаларға арналған спорт алаңдарын салуға қатысу |
5.2 |
Хоккей алаңдарын ұстау |
6 |
Жұмыстың басқа түрлері: |
6.1 |
Есірткіге тәуелді азаматтармен жұмыс |
6.2 |
Лифтілермен жабдықталған үйлердің кірешектерін тексеру, жинау және лифтілерді тиісті санитарлық жағдайда ұстау |
6.3 |
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіпорындарға көмек көрсету |
6.4 |
Жұмыс бойынша ұсынысымен дәрігерлік комиссия кеңесінің анықтамасы бар жұмыссыздар үшін арнайы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу |
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
N 18/1 қаулысына
2 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін тартылатын
ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесі
р/с N |
Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі |
Жұмыс көлемі |
Қоғамдық жұмыстардың талаптары |
Еңбек төлемінің көлемі |
Қаржыландыру көздері |
1 |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты ұйымдары мен кәсіпорындары |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім шарт негізінде |
Ең аз еңбекақы |
Қалалық бюджет, жұмыс берушілердің қаражаты |
2 |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты ұйымдары мен кәсіпорындары |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім шарт негізінде |
Ең аз еңбекақы |
Қалалық бюджет, жұмыс берушілердің қаражаты |
3 |
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты ұйымдары мен кәсіпорындары (келісім бойынша) |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім шарт негізінде |
Ең аз еңбекақы |
Қалалық бюджет, жұмыс берушілердің қаражаты |
4 |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты ұйымдары мен кәсіпорындары |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім шарт негізінде |
Ең аз еңбекақы |
Қалалық бюджет, жұмыс берушілердің қаражаты |
5 |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты ұйымдары мен кәсіпорындары |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім шарт негізінде |
Ең аз еңбекақы |
Қалалық бюджет, жұмыс берушілердің қаражаты |
6. |
"Екібастұзлифт"ЖШС |
Жұмыс берушінің тапсырысына сәйкес |
Кәсіпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім шарт негізінде |
Ең аз еңбекақы |
Қалалық бюджет, жұмыс берушілердің қаражаты |