Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға арналған нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
4) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
5) жалғыз тұрып жатқан тұлғалар;
6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар;
7) 2009 және 2010 жылдары бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын аяқтаған тұлғалар.
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең аз еңбекақы көлемінен кем болмайтын мөлшерде жұмыс берушіге жұмсалған қаражат шығыны бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын аяқтаған түлектері үшін - "жастар тәжірибесінен" өту үшін орналасқан кезде жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде белгіленсін.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов) нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушімен келісілген шарттарға сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С. С. Төлеубаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындыған құқықтық қатынастарда таратылады.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев