Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 51/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 360/4 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда N 12-3-264 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының, (IV шақырылған кезекті XX сессия)  2010 жылғы 9 ақпандағы "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІX сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімінің негізінде, жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 51/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-255 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпанда "Отарқа" газетінде N 7 және 2010 жылғы 11 ақпанда "Вести Екибастуза" газетінде N 6 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының 4-тармағының 1-тармақшасындағы "120000 теңге мөлшеріндегі" сөзі мен саны "нақты құны бойынша" сөздерімен ауыстырылсын;
      қаулының 3-тармағының 18-тармақшасы "Екібастұз қаласының әкімімен, жұмыс берушімен және жас маманымен қол қойылған үш жақты келісімшарт" сөздерімен толықтырылсын.
      Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрамына енгізілсін (бұдан әрі – Комиссия):
      Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып;
      Комиссия құрамынан Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады