Екібастұз қаласы бойынша қалаішілік жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру үшін азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 249/21 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 12-3-268 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы N 258/31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңының 13-бабы негізінде және азаматтардың жекеленген санаттарының қалаішілік жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру шығындарын өтеу мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалаішілік жолаушылар көлiгiнде жол жүру үшін келесi санаттағы азаматтарға жолақы билеті құнының 50% көлемiнде жеңiлдiкпен жүру құқығы белгіленсін:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер;
      2) үшінші топтағы мүгедектер;
      3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар.
      2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетiлген азаматтарға жеңiлдiкпен жол жүру құқын бекiту үшiн кондукторға (бақылаушыға) келесi құжаттар ұсынылуы қажет:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер үшiн - зейнеткерлiк куәлiгi;
      2) үшінші топтағы мүгедектер үшiн - мүгедектік куәлiгi;
      3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар үшiн - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министiрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келiсiм бойынша) Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен анықтама, көп балалы аналардың мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алатынын растайтын анықтама.
      3. Көмектің осы түрі:
      1) Кәсіпорын және "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі арасында азаматтардың жекеленген санаттарын қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау шығынын өтеу келісімшартын жасасуы;
      2) "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен берілетін пайыздық қатынаста Екібастұз қаласы ішінде жолаушыларды тасымалдаудың жалпы көлемінде әр Кәсіпорнының қатысу үлесі туралы мәліметтері негізінде "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі Кәсіпорындарға шығындарды өтеу есебін құру шарттарын сақтай отыра, жолаушыларды қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорын шығындарын өтеу жолымен өндіріледі.
      4. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Лепехин

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады