Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жем - шөп сатып алу үшін 2010 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы N 476/6 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 шілдеде N 12-3-271 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармақ 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған кезекті XХ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімін орындауда, ауылдық жерлерде тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларын (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) бекітілсін.
      2. Отбасының әр мүшесі үшін жиынтық айлық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) 20 000 теңге мөлшерінде жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
      3. Жем - шөп сатып алуға біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды тапсыру қажет:
      1) өтініш;
      2) отбасының әр мүшесінің кірісін растайтын анықтама;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      6) жеке басының куәлігі (көшірмесі);
      7) "Қазақпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесінен немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
      4. Жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың 2010 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      6. Осы қаулы алғашқы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 3 маусымдағы  
N 476/6 қаулысына    
қосымша          

Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын,
аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға)
жем – шөп сатып алу үшін 2010 жылға біржолғы материалдық
көмек беру жөніндегі комиссия құрамы

Нұрлан Мұкатайұлы Күлжан

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Серік Әубәкішұлы Арыстанов

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Серік Маратұлы Қайырбеков

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекеленген санаттағы азаматтармен жұмыс бойынша секторының бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері

Бибігүл Мүбаракқызы Аманова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;

Әлия Қоқышқызы Базарбаева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;

Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады