Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға 2010 жылға демеуқаржы беру туралы" N 245/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі N 775/9 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қазанда N 12-3-277 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31-бап 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "2010 жылға азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін қолданылатын суға демеуқаржы беру туралы" N 245/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-262- мен тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы N 21 "Отарқа" және 2010 жылғы 20 мамырдағы N 19 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі – Қаулы) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Қаулының 1-тармағындағы "Екібастұз қаласында" сөздерінен кейін "еңбекке қабілетті жастағы бірге тіркелген тұлғалардан басқа" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсiн.

      Екiбастұз қаласының әкiмi                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады