Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармағының 14-тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті ХІХ сессия) "Екібастұз қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекеленген санатын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демеуқаржы алуға бау-бақшалары бар жеке үйлердің меншікті иелері немесе жалға алушылары (жалдаушылар) болып табылатын, Екібастұз қаласында еңбекке қабілетті жастағы бірге тіркелген тұлғалардан басқа тұрақты тұратын және тіркелген, зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер құқылы екендігі белгіленсін.
Жеке меншігінде екі немесе одан да көп бау-бақшалы үйлері бар зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектер бір ғана бау-бақшалы үйге демеуқаржы алуға құқылы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.09.16 N 775/9 Қаулысымен.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов) бау-бақшаны суару үшін пайдаланатын суару суы құнының 50% мөлшерінде суға демеуқаржы берсін.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар демеуқаржы алу үшін қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолығуы қажет.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі ақшалай қаржыны зейнеткерлердің және барлық топтағы мүгедектердің "Қазақпошта" акцинерлік қоғамына немесе ІІ деңгейдегі банктердегі есеп шоттарына аударсын.
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру қаланың 2010 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылсын.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсiн.
Екiбастұз қаласының әкiмi Н.Нәбиев
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 01 сәуір
N 245/4 қаулысына
қосымша
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.Ә.Арыстановқа
____________________________________
____________________________________
Тұратын мекен-жайы:
____________________________________
ӨТІНІШ
Мен, __________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты толығымен)
_____________________________________________________________________
мекен-жайы бойынша орналасқан бау-бақшасы бар жеке меншік үйдің меншікті иесі/немесе жалға алушысы (жалдаушы) болып табыламын
Бау-бақша (шаршы санын көрсету)________________________________
Суға жәрдемқаржыны ____________________________ теңге сомасында
N______________________________________________ жеке есеп шотқа
жіберуіңізді сұраймын.
1) 2010 жылдың мамыр, маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айларының суару суына төленген түбіртектің көшірмесі;
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) жеке куәліктің көшірмесі;
4) зейнеткер куәлігінің немесе мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
5) жеке есеп шотының көшірмесі;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
7) жер учаскесіне құқықорнатушы құжаттың көшірмесі;
8) жалға алушыларға (жалдаушыларға) – жалға алу келісімшартының (жалдау) көшірмесі.
Жәрдемқаржы беру шарттарымен таныстым.
2010 ж. "____" _______________ __________________________
(өтініш иесінің қолы)
Өтінішке жауап алдым________________________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә)
2010 жыл "____" _______________ _________________________
(өтініш иесінің қолы)
__________________________
(маманның қолы)