Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы (IV шақырылымның кезекті XXI сессиясы) "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне толықтыру енгізу туралы"

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 11 қазандағы N 226-4/28 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 03 қарашада N 12-6-98 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы N 15-5/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.02.29 N 15-5/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының (IV шақырылымның XXI сессиясы) 2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 наурыздағы аудандық "Родные просторы" газетінің 10 нөмірінде жарияланған) N 186-4/21 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 34) тармақшасымен толықтырылсын:
      "34) ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін келген жас дәрігерлер."
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       А. Друзик

      Аудандық мәслихатының хатшысы              В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады