Сахновка ауылындағы көшелерге атауын беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Қарабидай ауылдық округ әкімінің 2010 жылғы 04 қарашадағы N 5 шешімі. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 02 желтоқсанда N 12-13-116 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Сахновка ауылындағы "Павлодарская" көшесінің атауын "Бауыржан Момышұлы" көшесі атауына қайта өзгертілсін және атауы жоқ орталық көшеге "Әлия Молдағұлова" деген атауы берілсін.
      2. Шешімнін орындалуын бақылау аудандық ономастикалық комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Қ. Әліжекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады