Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 11.08.2017 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 39 бабының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы ХIV сессиясының "Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережелерін бекіту туралы" № 163 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 810 рет санымен 2009 жылғы 6 ақпанында тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпанда "Алматы ақшамы" газетінің 18 нөмірінде және 2009 жылғы 14 ақпанда "Вечерний Алматы" газетінің 19 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Алматы қаласында өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану және залалсыздандыру Ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
14 тармақтағы "қауіпсіздігіне жауапкершілік артады" сөздері "қауіпсіздігін қамтамасыз етеді" сөздерімен ауыстырылсын;
15 тармақтағы "Олардың шаруашылық қызметі барысында қалдықтар түзілген, жеке және заңды тұлғалар" сөздері "Қалдық иелері" сөздерімен ауыстырылсын;
19 тармақтағы "жасауға тиіс" сөздері "жасауы керек" сөздерімен және 10 тармақшасындағы "ақпараттандыру қажет" сөздері "ақпараттандыруы керек" сөздерімен ауыстырылсын;
38, 39, 40, 41 және 42 тармақтардағы "тиым салынады" сөздері "рұқсат етілмейді" сөздерімен ауыстырылсын;
38 тармақтың екінші абзацындағы "тиіс" сөзі "керек" сөзімен ауыстырылсын;
48 тармақтағы "жауапкершілік артады" сөздері "жауапкершілікке тартылады" сөздерімен ауыстырылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Ә. Ізмұхамбетовке) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
IV сайланған Алматы қаласы | |
мәслихаты ХХVII сессиясының | |
төрағасы | Б. Шин |
IV сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |