Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 11.08.2017 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2012.12.12 № 79 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ұсынылып отырған Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну Ережелері бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Т.Ә.Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.
IV сайланған Алматы қаласы | |
мәслихаты ХІV сессиясының | |
төрағасы | К. Қазанбаев |
IV сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 163 шешімімен бекітілген |
Алматы қаласында өндіріс және тұтыну
қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану
және залалсыздандырудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Алматы қаласында өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану және залалсыздандырудың Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді.
Ережелер Алматы қаласы аумағындағы өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастырудың ретін анықтайды.
Ережелердің әрекеті қызметтерінің нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары түзілетін, заңды және жеке тұлғаларға тарайды.
1. Жалпы ережелер
1. Ережелерде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өндіріс және тұтыну қалдықтары (бұдан әрі – қалдықтар) – шикізат, материалдар және басқа да бұйымдар мен өнімдердің өндіріс немесе тұтыну процесінде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);
2) қауіпті емес қалдықтар – қауіпті және бос (инертный) қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;
3) қауіпті қалдықтар – құрамында қауіпті қасиеттері (уыттылығы, жарылғыш, радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар;
4) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы және олармен жұмыс істеу туралы ақпараттарды жинау және ұсыну жүйесі;
5) қалдықтарды қайта пайдалану (кәдеге жарату) – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану.
6) қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық және физика-химиялық өңдеу жолымен қалдықтардың зиянды қасиеттерін азайту немесе жою;
7) қалдықтарды өңдеу – қалдықтардың көлемін немесе зиянды қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
8) қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз жағдайда сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою;
9) қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеуді, қайтара пайдалануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
10) қалдықтарды пайдалану (өңдеу, қайта пайдалану, кәдеге жарату) – қалдықтарды тікелей қайта өңдеу немесе қалпына келтіру арқылы әртүрлі өнім түрлерін алу мақсатында оларды шаруашылық айналымға тарту;
11) қауіпті өндіріс қалдықтарының төлқұжаты - қалдықтардың пайда болған орны, олардың сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша пайда болу процесі, олармен жұмыс істеу ережесі, оларды бақылау әдістері, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) олардың мүлкіне зиянды әсерінің түрлері, қалдықтарды шығарушылар және меншігінде мұндай қалдықтары бар, басқа да тұлғалар жөнінде мәліметтер стандартты түрде жазылып көрсетілген құжат;
12) арнайы мамандандырылған кәсіпорындар - автокөлік құралдарының қалдықтарын жинау, сақтау, орналастыру, көму, орнын ауыстыру, үйіп қою, өңдеу және қайтара пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар;
13) қалдықтарды тасымалдау - автокөлік құралдарының қалдықтарын жиналып қалған жерінен қалдықтарды жою, сақтау, өңдеу, залалсыздандыру, көму және іріктеуден өтетін нысанға дейін апару;
14) қалдықтарын сақтау (үйіп қою) – қалдықтарды арнайы жабдықталған жинақтағыштарға, тексеру жүргізілетін және қалдықтарды іріктеу алаңдарында, сонымен қатар кейіннен оларды қауіпсіз түрде жою мақсатында, ластағыш заттардың қоршаған ортаға таралуын болдырмайтын, арнайы күзетілетін орындарға оқшаулау;
15) қалдық иелері – қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болатын жеке және заңды тұлғалар;
16) полигон – қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу немесе біржолата көму мақсатында әртүрлі қалдық түріне белгіленген мерзімге, қалдықтарды сақтау үшін арнайы жабдықталған орындар (алаңдар, қоймалар, сақтағыштар).
17) тасымалдаушы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік етуші, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін және соған белгіленген тәртіпте берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға.
2. Ережелердің 1 тармағында көрсетілмеген ұғымдар Қазақстан Республикасының терминологиялық заңнамасында анықталған Ережелердегі мағыналарда немесе Ережелердің тиісті тармақтарында пайдаланылады.
2. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының түрлері
3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген қалдықтардың жіктелуіне сәйкес жіктеледі.
4. Өңдеуге (қайта пайдалануға) жататын өндіріс және тұтыну қалдықтары:
1) металлоломға жататын шикізат пен материалдар;
2) резіңке-техникалық бұйымдар;
3) пайдаланудан қалған жанар-жағармай материалдары;
4) пайдаланудан қалған техникалық сұйықтықтар (электролиттер, салқындатқыш, тежегіш және басқалар);
5) пайдаланудан қалған аккумуляторлар;
6) пластмассадан жасалған бұйымдар;
7) құрамында сынабы бар құралдар;
8) басқа да қалдықтар (текстиль, былғары, батареялар және т.б).
5. Өндіріс және тұтыну қалдықтары зияндылық деңгейіне қарай қауіпті, қауіпті емес және бос (инертный) қалдықтар болып бөлінеді.
6. Қалдықтардың барлық түрі және олардың орналасу нысандары Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген тәртіпте қалдықтардың Мемлекеттік кадастрында есепте болуы шарт.
3. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу
жөніндегі ережелердің мақсаттары
мен негізгі принциптері
7. Алматы қаласы аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласында қарым-қатынастарды реттеудің негізгі мақсаттары төмендегідей:
1) Алматы қаласы тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндіріс және тұтыну қалдықтарының зиянды әсерінен табиғи қоршаған ортаны қорғау;
2) қалдықтардың үйіліп қалуына және Алматы қаласы аумағының ластануына жол бермеу;
3) қалдықтарды пайдалану (қайта өңдеу, кәдеге асыру) кезінде дайын өнім алу немесе пайдаға жарату;
4) қайталама материалдық ресурстар нарығын дамыту және оларды қайталама шикізат ретінде шаруашылық айналымға тарту.
8. Алматы қаласы аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеудің негізгі принциптері мынадай:
1) қалдықтардың пайда болуын азайту және олардың қауіптілік деңгейін төмендету;
2) қалдықтарды жинау және қайтара өңдеуге дайындау кезінде бөлу, іріктеу;
3) қалдықтарды жою алдында қайтара өңдеуден өткізу басымдығы;
4)қалдықтарды көму алдында жою басымдығы;
5) қалдығы төмен және қалдықсыз технологияларды жүзеге асыру мақсатында жаңа ғылыми – техникалық жетістіктерді пайдалану;
6) заңды және жеке тұлғаларға қайталама ресурстарға жататын, қалдықтарды іріктеп жинауға және оларды арнайы мамандандырылған кәсіпорындардың қайталама шикізатқа өңдеуге жауапкершіліктерін жүктеу;
7) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу және одан түскен қаржыларды табиғатты қорғау шараларына бағыттау;
8) қалдықтардың көлемін азайту және оларды шаруашылық айналымға тарту мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу саласында қызметтерді экономикалық реттеудің (экономикалық сүйемелдеудің) әдістерін пайдалану;
9) қалдықтардың көлемін азайту мақсатында материалдық-шикізат ресурстарын кешенді түрде қайта өңдеу;
10) қалдықтармен жұмыс істеу саласында қызметтерді экономикалық сүйемелдеу;
11) қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ақпараттардың қол жетімдігі;
12) Алматы қаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық және экономикалық мүдделердің ғылыми негізделген, біріккен әрекеті.
4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен
жұмыс істеудің әдістері
9. Қалдықтармен жұмыс істеудің мақсаттары мен негізгі принциптеріне сәйкес жұмыс істеудің әдіс-тәсілін таңдау кезінде қайталама ресурстарды іздеуде қалдықтарды көбірек пайдалануды ескере отырып, қоршаған ортаға неғұрлым аз экологиялық залал келтірілуін қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдерге жол берілетін болады.
10. Қалдықтармен жұмыс істеудің басымдық берілетін әдістері төмендегідей:
1) қайталама ресурстарды кәдеге жарату бойынша қалдығы төмен және қалдықсыз технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу;
2) қалдықтарды қайтадан пайдалану үшін (технологиялық мен экономикалық мүмкіндіктері болған жағдайда) түрлендіру;
3) жылу арқылы, физикалық, химиялық және биологиялық залалсыздандыру;
4) көму.
5. Өндіріс және тұтыну қалдықтары меншік
құқықтағы нысан ретінде
11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалдықтарға меншік құқығы (басқа да заттай құқық) шикізат, заттар, қоспалар, материалдар мен жартылай фабрикаттар, басқа да бұйымдар немесе өнімдер, сонымен қатар тауарды (өнім) пайдалануы нәтижесінде қалдықтар түзілген меншік иесіне тиесілі.
12. Қалдықтарға меншік құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте және негізде басқа тұлғалардың да иеленуі мүмкін.
13. Нысан иесі арнайы бөлінген аумағында қалдықтар ретсіз үйіліп, жиналып қалған жағдайда, қысқа мерзімде бұл қалдықтар орналастырылатын нысанға көшіру жөнінде шара қолданады.
14. Қалдықтардың иелері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеудің жағдайлары анықталған, басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалған келісім-шарттарда басқаша көрсетілмесе, қалдықтар жиналып қалған уақыттан бастап олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 14 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен. 6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен
жұмыс істеуге қойылатын жалпы талаптар
15. Қалдық иелері қалдықтармен жұмыс істеуде қауіпсіздік шараларын қарастыруы қажет, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі белгіленген іс-шараларды орындайды.
Ескерту. 15 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.16. Қалдықтарды орналастыру және жою мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен анықталған жерлерде жүзеге асырылады.
17. Қалдықтарды орналастыру орындары- оларды қалпына келтіргенге дейін, өңдеуге немесе оларды көмуге дейін бір жыл уақытқа немесе қауіпсіз жағдайда 3 жылдан артық емес мерзімге сақтау үшін арналған.
18. Қалдықтардың иелері өндірістік айналымның барлық кезеңінде қалдықтардың пайда болу көлемін біртіндеп қысқартуды, оның ішінде өндірістік процесстерді жетілдіру арқылы, қалдықтарды қайтара пайдалану (рециклинг), сонымен қатар, заңда белгіленген тәртіпте қалдықтарды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға қалдықтардың өткізілуін қамтамасыз етеді.
19. Қалдықтармен жұмыс істеумен байланысы бар шаруашылық қызметпен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалар мыналарды жасауы керек:
1) қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауға;
2) жиналып қалған автокөлік құралдары қалдықтарын алып тастау жөнінде қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және технологиялық шараларды қабылдауға;
3) қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті орган бекіткен, қалдықтарды орналастырудың нормативті жобасының болуы;
4) заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органда тіркелген зиянды қалдықтардың төлқұжаттары болуы;
5) қалдықтарға түгендеу жүргізу;
6) қызмет барысында жиналып қалған, өңделген және орны ауыстырылған қалдықтардың үнемі есебін (түрі, саны, қасиеті) жүргізу;
7) қалдықтарды жіберу нысандары аумағында қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ақпараттарды ұсыну;
9) қалдықтармен жұмыс істеумен байланысты апаттардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтауға және апаттарды жою бойынша жедел шаралар қолдану;
10) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтірілуі мүмкін апаттар туындаған немесе туындайтын жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды және тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы мемлекеттік органды және Алматы қаласының тиісті әкімшілік ауданы әкімінің аппаратын жедел ақпараттандыруы керек.
Ескерту. 19 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.20. Қалдықтардың иелері қалдықтарды арнайы мамандандырылған кәсіпорындарға өткізгенге дейін, арнайы бөлінген алаңдар мен контейнерлерде немесе жинақтағыштарда қалдықтарды бөліп-іріктеу әдісімен жинауды жүзеге асырады.
Өз аумағында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және тасымалдау бойынша шығындарды меншік иелері өздері көтереді.
21. Егер қалдықтардың пайда болу (жиналу) көздері анықталмаған жағдайда, жалпы пайдалану жерлеріндегі қалдықтарды жинау, оларды шығару, өңдеуге апару және тағы басқа да операциялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жалға берілген жалпы пайдалану жерлеріндегі қалдықтарды жинау және шығару жалдаушыға жүктеледі.
7. Жиналып қалған өндіріс және тұтыну қалдықтарын
жинау және уақытша сақтау
22. Нысандардың иелері (иеленушілері), сонымен бірге қалдықтардың иелері:
1) жеке жинауды және іріктелуді, сонымен бірге оларды орналастыру және тасымалдау кезінде белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) қайталама материалдық ресурстардың (темір, әйнек, макулатура, бос ыдыс, қорап, полимер материалдар, тозған дөңгелектер, реактивтер, техникалық сұйықтықтар және майлар, май фильтрлер, тұрмыстық жабдықтар мен аспаптар, электр батареялар және қорғасын-қышқылды аккумуляторлар, сынап термометрлер және басқа да қайталама материалдық ресурстардың түрлері) жойылуына жол бермейтін әдістермен өндіріс және тұтыну қалдықтарының іріктеліп жиналуын және уақытша сақталуын жүзеге асырады;
3) сұйық қалдықтарды (аккумуляторлық электролиттер, пайдаланудан қалған көлік майлары мен сұйықтықтар (салқындатқыш, тежегіш және басқа) сақтау үшін герметикалық ыдыстар пайдаланады. Пайдаланылған сұйықтықтарды канализацияға, топыраққа, су айдындарына және басқа жерлерге төгуге жол берілмейді;
4) қалдықтарды жинау және уақытша сақтауды арнайы, топырақтың ластануын болдыртпайтын, көлік кіретін есіктері бар, қоршалған алаңдарда жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалдықтармен ұқыпсыз немесе немқұрайды жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне, мемлекетке келтірілген залалды өтейді;
6) келісім-шарт негізінде қалдықтарды жинау, қайта пайдалану, орналастыру және шығару жөніндегі операцияларды орындайтын арнайы мамандандырылған ұйымдардың қызметін пайдаланады немесе осы Ережелердің 8 тармағындағы талаптарды орындаған жағдайда, қалдықтарды орналастыру және шығару жөніндегі операцияларды өз бетінше жүзеге асырады.
23. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау және жұмыс істеу барысында мыналарға жол берілмейді:
1) қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтарды араластыруға, егер қалдықтарды қайта өңдеудің қолданатын технологияларында араластыруға тыйым салынса;
2) өндіріс және басқа да шаруашылық қызметі нысандарының қалдықтар жиналып қалған аумағында қалдықтарды көмуге, жағуға, үйіп қоюға.
8. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын тасымалдау
орналастыру және шығару
24. Қалдықтарды шығару Бас сызбаға (Ережелерге 1 қосымша) сәйкес жүргізіледі.
25. Қалдықтарды тасымалдау мыналармен:
1) қалдықтарды сақтау, көму, қайта өңдеу немесе қайта пайдалануды жүзеге асыратын және мұндай жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен;
2) қалдықтарды сақтау, көму, қайта өңдеу немесе қайта пайдалануды жүзеге асыратын және мұндай жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шарты бар қалдықтардың иелерімен;
3) қалдықтарды сақтау, көму, қайта өңдеу немесе қайта пайдалануды жүзеге асыратын және мұндай жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шарты бар, арнайы мамандандырылған шығарушы ұйымдармен жүзеге асырылады.
26. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынасы, олардың арасында жасалған келісім-шарттармен реттеледі.
27. Қалдықтарды сақтау және үйіп жинау орындарында қалдықтарды өткізу тасымалдаушының көлік құралына тиеу арқылы немесе келісім-шартта белгіленген басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады және акті, накладной немесе басқа құжатпен рәсімделеді. Тасымалдаушы ретінде осы Ережелердің 25 тармағында көрсетілген заңды тұлғалар болуы мүмкін.
28. Қалдықтарды тасымалдау және тиеу - түсіру жұмыстарын жүзеге асыратын тасымалдаушы төмендегі шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді:
1) қалдықтар иесінің қалдықтарды тасымалдауға берген келісім-шартының болуы, онда мамандандырылған кәсіпорынмен жасалған келісім-шартқа сілтеме жасалып, тасымалданатын қалдықтарды кәдеге жарататын немесе көметін соңғы орны көрсетіледі;
2) тасымалдау мақсаты үшін қалдықтардың тиісті орамасы мен таңбасының болуы;
3) арнайы жабдықталған және арнайы белгілері көрсетілген көлік құралдарының болуы;
4) зиянды қалдықтар төлқұжатының болуы және зиянды қалдықтардың саны, тасымалдау мақсаты мен апаратын орны көрсетілген, зиянды қалдықтарды тасымалдау және тапсыру үшін құжаттаманың болуы;
5) зиянды қалдықтарды тасымалдау кезінде, сонымен қатар тиеу-түсіру жұмыстарының қауіпсіздік талаптарын сақтау.
29. Зиянды қалдықтарды тасымалдау үшін оларды орау және таңба жасау тәртібі Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасымен белгіленген.
30. Қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының тәртіптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
31. Көлік құралдарына қалдықтарды тиеген уақыттан қалдықтарды тасымалдаушы өкілдері оны қабылдап алу және көліктен қалдықтарды тиісті белгіленген жерде оны түсіргенге дейін, қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істелуіне жауапкершілікті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тасымалдаушы артады.
9. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
өңдеу және қайта пайдалану
32. Қалдықтарды жинау және оны қайталама шикізатқа өңдеуді (айналдыруды) жүзеге асыратын заңды тұлғалар, алынған қайталама шикізатты пайдалануды немесе қайталама шикізаттарды пайдаланатын ұйымдарға өткізуді қамтамасыз етеді.
33. Қалдықтарды қайталама шикізат ресурсы ретінде пайдалану- заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын тәртіпте, қалдық иесімен (иеленушісімен) жүзеге асырылады.
34. Қайталама шикізат ретінде пайдаланылуы мүмкін өндіріс және тұтыну қалдықтарын көмуге немесе жоюға жол берілмейді.
35. Қалдықтарды қайталама шикізат ресурсы ретінде, қайталама шикізатқа тасымалдауды ұйымдастыру реті осы Ережелердің 25 және 26 тармақтарымен анықталған.
36. Қалдықтарды өңдеу және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың рұқсаты және тиісті келісімдері болуы керек.
10. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
орналастырудың талаптары
37. Заңды және жеке тұлғалар қалдықтарды орналастыру нысанын жобалау, салу және пайдалану орнын анықтау кезінде қалдықтарды жинау нысанын орналастыруға қойылатын заңнама талаптарын басшылыққа алады.
38. Қауіпті қалдықтарды орналастыру экологиялық рұқсаттармен қарастырылатын жағдайларға сәйкес, арнайы жабдықталған орындарда жүзеге асырылады және рұқсат етіледі. Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақта қалдықтармен жұмыс істеумен байланысы жоқ басқа да қызметтерді жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
Қауіпті қалдықтарды орналастыру орны қалдық түрі, оның қауіптілік деңгейі мен көму мерзімі анық көрсетілген, жақсы көрінетін белгілермен белгіленіп тұруы керек.
Ескерту. 38 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.39. Қалдықтарды төмендегідей жерлерде көмуге рұқсат етілмейді:
1) Алматы қаласы аумағында, орман, курортты, емделу-сауықтыру аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, сонымен қатар су қорғау аймақтары, ауыз су және шаруашылық – тұрмыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын, жер асты су нысандарындағы су алынатын алаңдарында;
2) пайдалы қазбалары бар жерлер және тау-кен жұмыстарын жүргізу орындарында, егер мұндай орындардың ластануы қаупі болғанда.
Ескерту. 39 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.40. Полигондарда төмендегідей өндіріс және тұтыну қалдықтарын көмуге рұқсат етілмейді:
1) сұйық қалдықтар;
2) полигон жағдайында атылатын, тоттанатын, өте жоғары деңгейдегі өрт қауіпі бар қалдықтар;
3) жерді құнарландыру кезінде тұрақтандырғыш материал ретінде пайдаланудан басқа жағдайдағы, бүтін пайдаланылған дөңгелектер;
4) құрамында тұрақты органикалық ластағыштары бар қалдықтар;
5) қалдықтарды қабылдау талаптарына жауап бермейтін қалдықтар.
Ескерту. 40 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.41. Қалдықтарды қабылдау талаптарын орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 41 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.42. Зиянды қалдықтарды орналастыру реті экологиялық заңнамамен анықталады. Зиянды қалдықтарды орналастырумен айналысатын кәсіпорындар төтенше және апатты жағдайларда әрекет етудің жоспарын әзірлейді.
43. Полигонға қалдықтарды тапсыратын меншік иелері полигон иесіне қалдықтардың қауіпті немесе белгілі бір түріне жататынын анықтайтын, олардың сапасы мен саны туралы нақты ақпаратты ұсынады.
44. Қалдықтарды тасымалдау және орналастыру тәртібі осы Ережелердің 24-27 тармақтарының талаптарына сәйкес болуы керек.
45. Полигон иелері сол полигонға орналастыруға рұқсат берілген және оларды орналастыруға құқығы экологиялық рұқсатпен дәлелденген, қалдық түрлерін қабылдауға құқықтары бар. Полигон иесі қалдықтарды қабылдау кезінде төмендегідей амалдарды жүзеге асырады:
1) қалдықтардың құжаттамаларын, оның ішінде зиянды қалдықтардың төлқұжатын тексеру;
2) қалдықтарды орналастыру жерінде және кіре берісте тексеруден өткізу;
3) қалдықтар иесі ұсынған құжаттамадағы жазулардың әкелінген заттарға сәйкестігін тексеру;
4) орналастырылған қалдықтардың сипаттамасы мен санының есебін жүргізу, шыққан жері, әкелінген мерзімі көрсетілуі тиіс. Егер, зиянды қалдықтар болса, полигонда олардың нақты орналасу жерін көрсету.
5) полигонға радиоактивті заттардың түспеуін болдырмау үшін қалдықтардың әр қайсысына арнайы құралдармен бақылау жүргізу.
46. Полигон иесі мыналарды үнемі қамтамасыз етеді:
1) полигонға қабылданған қалдықтардың әр қайсысын қабылдап алуды растайтын жазбаша құжатты;
2) сол құжаттаманың 5 жыл бойы сақталуын;
3) келіп түскен қалдықтардың салмағын анықтау үшін қабылдау орындарында өлшеуіш құралдардың орнатылуын.
47. Полигонның қоршаған ортаға әсер етуін бақылау және мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
11. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу,
қайта пайдалану, залалсыздандыру саласында заң
бұзушылыққа жауапкершілік
48. Жеке және заңды тұлғалар осы Ережелерде көрсетілген тәртіпті бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ескерту. 48 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.Қосымша 1 |