Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші, осы шешімнің қосымшасына сәйкес, жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты XVI сессиясының төрағасы |
М. Хасенов |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 137 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 "Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну Ережелерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 810 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпанда "Алматы ақшамы" газетінің № 18 санында және 2009 жылғы 14 ақпанда "Вечерний Алматы" газетінің № 19 санында алғашқы ресми жарияланған);
2. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 315 "ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну Ережелерін бекіту туралы" № 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 844 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 мамырда "Алматы ақшамы" газетінің № 62 санында және 2010 жылғы 22 мамырда "Вечерний Алматы" газетінің № 64 санында алғашқы ресми жарияланған);
3. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 79 "ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережелерін бекіту туралы" № 163 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 964 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда "Алматы ақшамы" газетінің № 10 санында және 2013 жылғы 24 қаңтарда "Вечерний Алматы" газетінің № 9 санында алғашқы ресми жарияланған).