IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 "Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 316 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 мамырда N 848 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы мәслихатының 14.09.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының "Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 781 рет санымен тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда "Алматы ақшамы" газетінің 95 нөмірінде және 2008 жылғы 21 тамызда "Вечерний Алматы" газетінің 100 нөмірлерінде жарияланған, "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі "Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы" № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 220 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 819 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 тамызда "Алматы ақшамы" газетінің 99 нөмірінде және 2009 жылғы 8 тамызда "Вечерний Алматы" газетінің 92 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

      47 және 54 тармақтардағы "тиым салынады" сөздері "рұқсат етілмейді" сөздерімен ауыстырылсын;

      48 тармақтағы "етуге мiндеттi" сөздері "етуі керек" сөздерімен ауыстырылсын;

      келесі мазмұндағы 53–1 тармағымен толықтырылсын:

      "53–1. Рұқсатпен бірге осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгідегі, қалпына келтірілуге және өтемдік отырғызуға, кесілуге жататын жасыл желектердің саны, жүргізілген кесу мен өтемдік отырғызудың жүргізілгені туралы белгісімен рұқсаттың қайтару талоны беріледі. Өтемдік отырғызу біткеннен кейін рұқсаттың қайтару талоны өкілетті органға қайтарылып беріледі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Ә. Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХVII сессиясының
төрағасы
Б. Шин
      IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

  Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту Ережесіне 5 қосымша

РҰҚСАТТЫҢ ҚАЙТАРУ ТАЛОНЫ

      берілген рұқсатқа сәйкес жасыл желектерді

      кесу жұмыстарының жүргізілуіне бақылау туралы

      Тапсырушы:_______________________________________, берілген рұқсаттың уақыты және нөмірі _____________________________________






Берілген рұқсатқа сәйкес кесілуге жататын жасыл желектердің орналасқан орны

Берілген рұқсатқа сәйкес кесілуге жататын ағаштардың тұқымдық құрамы

Саны (дана)

Нақты кесілген жасыл желектер

Берілген рұқсатқа сәйкес өтемдік отырғызуға жататын жасыл желектердің орналасқан орны












      кестенің жалғасы





Берілген рұқсатқа сәйкес өтемдік отырғызуға жататын ағаштардың тұқымдық құрамы

Саны (дана)

Нақты отырғы-

зылған жасыл желектер

Ескерту-

лер









      Рұқсаттың қайтару талоны 201__ жылы "____" __________ берілген. Мерзімі өткен соң және өтемдік отырғызулар жоспары орындалғаннан кейін осы рұқсаттың қайтару талоны Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қайтарылуға жатады.

      Табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің бастығы __________.

      Ор. ___________, тел.____________.

      201__ жылы "____"_________Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің бас маманы қабылдап алды ____________, _______. (қолы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады