"Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы N 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 мамырда N 13-1-218 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы N 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 17.10.2013 N 13 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Петропавл қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 2 шешіміне (№ 13-1-174 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 17 «Қызылжар нұры» және 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 16 «Проспект СК» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының               Қалалық мәслихат
      төрағасы                                   хатшысы
      А. Филипенко                               Л. Жолмұқанова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер»
      Коммуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  П.Соболевский

      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
      орталық» Республикалық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынның Солтүстік
      Қазақстан облыстық филиалының директоры    Қ.Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады