2011 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы N 35 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 желтоқсанда N 13-3-125 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2011 жылғы 16 қарашадағы N 27 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2011.11.16 N 27 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III ҚРЗ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 23-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер және әскерге шақырылғандарды әскери есепке алу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2011 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Тоқтасын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады